Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат

Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат

 

Ауданда шағын және орта кәсіпкерлік саласы бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлерінің субъектілерінің саны 2021 жылы 1 427 құрап (оның ішінде: 85 заңды тұлғалар, 65 шаруа қожалықтар, 1277 жеке кәсіпкерлер), 2020 жылмен салыстырғанда 101,4 пайызға өсті.

(2020 жылы - 1 407 оның ішінде: 96 заңды тұлғалар, 50 шаруа қожалықтар,                 1261 жеке кәсіпкерлер).

Есепті мерзімде осы тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің ішінен белсендісі 1 245 болса, (оның ішінде: 55 заңды тұлғалар, 61 шаруа қожалықтар, 1 129 жеке кәсіпкерлер) бұл көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда 102,1 пайызға өсіп отыр.

(2020 жылы - 1 219 оның інішде: 58 заңды тұлғалар, 45 шаруа қожалықтар,                1116 жеке кәсіпкерлер).

2021 жылы шағын және орта кәсіпкерлік  саласында жұмыспен қамтылғандар саны   2 368 адамды құрап, 2020 жылдың есепті кезеңімен  салыстырғанда  122,6 пайызға өскен.(2020 жылы– 1 932 адам).

2021 жылы шағын және орта бизнес субъектілерімен шығарылған өнім көлемі 9 млрд. 618 млн.теңгені құрап, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 107,6 пайызға өскен. (2020 жылы – 8  млрд. 263 млн.теңге)

2021 жылы Мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау және кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында  29 қаңтарда «Субсидия сауда иелеріне», 19 ақпанда «Жеңілдікпен несие беріледі», 6 мамырда «Бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидалары» атты мақала аудандық «Мақат тынысы» газетіне жарияланды.

Сонымен қатар, бөлімінің фейсбук әлеуметтік желісінде тікелей эфир арқылы 3 рет онлайн форматында, 63 мәрте ақпараттар жарияланды,                276 жадынама таратылды және 530 бөлімге келген аудан тұрғындары мен кәсіпкерлерге дара-дара түсінік жұмыстары жүргізілді.

Мемлекеттік бағдарламалар арқылы ауданымызда 97 жоба мақұлданып 207 млн. 118 мың 800 теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетіліп, 87 жаңа жұмыс орны құрылды. 2020 жылмен салыстырғанда 104,3 пайызға өсіп отыр.

(Бұл көрсеткіш 2020 жылы 93 кәсіпкер жалпы сомасы 396 млн. 800 мың тенге, 97 жаңа жұмыс орны құрылды).

Жалпы алынған қаржылық қолдаулар 2 бағдарлама бойынша жүзеге асты:

1) "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша 11 жобаға (айналым қаражатын толықтыру, сауда қызметін кеңейту, қонақ үй қызметін ұйымдастыру, меншіктегі мүлікті жалға беру қызметі) 102 млн. 950 мың теңге қаржылай қолдау көрсетілді.

          Мемлекеттік грант 4 жоба  (Мақат кенті 3, Доссор кенті 1) (Сүзілген суды одан әрі сату үшін осмос су тазарту аппаратын сатып алу, Балалар ойын сауық орталығы "Бақ Ырыс", Токарлық цех, Шығармашылық дамытушылық оқу орталығы) 13 млн. 664 мың теңге  берілді.

          2) "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған" бағдарламасы бойынша 10 жобаға (сауда қызметі, шайхана, асхана, жолаушылар тасымалдау) 48 млн. 500 мың теңге.

          Мемлекеттік грант 72 жобаға (тігін шеберханасы, шаштараз, кондитерлік өнімдер, фотосалон, массаж орталығы, құрылыс жұмыстары, нан өнімдері, маникюр, мал және құс шаруашылығы) 42 млн. 004 мың 800 теңге (әр қайсысына 583 400 теңге) берілді.

          2021 жылы аудан бойынша 12 кәсіпкерлік жобалар (5 азық-түлік дүкен, 1 дәріхана, 1 телефон жөндеу орталығы, 2 кафе, 2 фастфуд, 1 шаштараз) іске қосылды.

 

Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат
Дата публикации
21 апреля 2022