Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету жұмысы туралы ақпарат.
2021 жылдың 12 айындағы Мақат аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің «Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» өзгерістер мәселелері бойынша жылдық есебі.
Ағымдағы жылдың 12 айында 114 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бөлім бойынша мемлекеттік қызметтердің 4 түрі төмендегідей көрсетіледі.
Жалпы ереже бойынша өтінішті қабылдау және нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб- порталы арқылы немесе қағаз түрінде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі-2 (екі) жұмыс күні, құжаттарды тапсыру үшін күтудің уақыты - 30 (отыз) минут, тіркеу алымының мөлшері белгіленген көрсеткіштің 50 пайызын құрайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі—2 (екі) жұмыс күні, тіркеу алымының мөлшері жеке тұлғалардан-1 айлық есептік көрсеткіш, заңды тұлғалардан- 5АЕК-ші, кепілдің тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін-0,5 АЕК-ні құрайды, құжаттарды тапсыру үшін кутудің уақыты- 30 (отыз) минут.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб- порталы арқылы көрсетіледі.мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі- портал арқылы тікелей тұрған жері бойынша 10 он жұмыс күні ішінде және машинаны тіркеу пунктіне әкелген кезде 2 екі жұмыс күні ішінде, құжаттар тапсыру үшін кутудің уақыты-30 отыз минут, жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізуге дайын екендігі туралы жылдың басында БАҚ-та хабарлама жарияланды. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Қазіргі таңда бұл қызметтер аудан әкімдігі жанынан ашылған «Ashyk akimdik » сервистік орталығында жүзеге асырылуда. Сонымен қатар аталған мемлекеттік қызметтерге «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб- порталы арқылы өтініш беруге мүмкіндік бар.
Мемлекеттік көрсететін қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шаралары.
Аудан бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша онлайн түсіндірме іс-шаралары өткізілді, бұдан басқа мемлекеттік көрсететін қызметтердың көрсеткішін арттыру мақсатында 6- мекемелерде түсіндіру жұмыстары өткізілді,түсірілген 6- бейнеролик жасалып, инстаграм, фэйсбук әлеуметтік желілерге орналастырылды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында 2 қоғамдық қабылдау, сонымен қатар «Мақат адалдық алаңы», «Атырау- адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің Мақат ауданы бойынша өкілі Күлпаш Алишевамен тікелей эфир өткізілді. БАҚ-та 12 мақала жарияланды және 64-тен астам брошюра таратылды. Қажетті құжаттар мен оларды толтыру үлгілеріңің тізбесі бар стендтермен жабдықталған. Қызмет алушылырға қолайлы жағдайлар қамтылған.