«Мақат аудандық құрылыс бөлімі» ММ
«Мақат аудандық құрылыс бөлімі» ММ, Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 3а ғимаратта орналасқан.
Тел.: 8/71239/ 3-10-83
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағыттар бойынша жүзеге асты:
1) бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілеріне және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Мақат аудандық құрылыс бөлімінің штат саны – 6 (1 басшы, 2 бас маман, 1 заңгер, 1 есепші-, 1 жүргізуші) адам.
2021 жылдың 10 қыркүйек айынан бастап Сәрсен Болатбек Амандықұлы аудандық құрылыс бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.
Мақат аудандық құрылыс бөлімі өз қызметін Мақат ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 05 наурыздағы №41 қаулысымен бекітілген «Мақат аудандық құрылыс бөлімі туралы Ережесіне» сәйкес жүзеге асырады. Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық т әуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.
Бөлім қызметіне қатысты әрекет етуші нормативтік құқықтық актілер қызмет барысында қолданылады.
Аудандық құрылыс бөлімінің негізгі міндеттері:
1) бюджеттен қаржыландырылатын, аудан көлемінде жүргізілетін құрылыс жұмыстары бойынша жұмыс қажеттіліктері мен жұмыс көлемдерін, жұмыстың сапалы жүргізілуін қадағалау;
2) құрылыс жұмыстары бойынша жұмыс қажеттіліктері мен жұмыс көлемдерін, өндірістік және тұрғын үй объектілерінің жыл бойғы және болашақтағы құрылыс жұмыстарының қажеттіліктерін анықтайды;
3) кәсіпорын мен мекемелердің жобалау-сметалық құжаттамаларының дұрыстығын және сенімділігін, аудан көлеміндегі тиісті ғимараттар мен құрылғылардың құрылыс жұмыстарын тексереді;
4) аяқталған құрылыс және объектілерді жөндеудің техникалық орындау құжаттамаларын ресімдеуге, сондай-ақ объектілерді эксплуатацияға қабылдау жұмыстарын жүргізу.
2021 жылдың 2 жартыжылдығында «Мақат аудандық құрылыс бөлімі» ММ Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына екі мекеме үстінен талап арыз жолдаған болатын. "Көлсай Строй" ЖШС 27.08.2021 жылы мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану және айыппұл өндіріп алу туралы талап арыз жолданды. 2021 жылғы 28 желтоқсандағы №2301-21-00-2/1649 істің шешіміне сәйкес, «Көлсай Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану және 4 386 501 теңге тұрақсыздық айыбын өндіру туралы талабықанағаттандырудан бас тартылды. "Кульсары металлпромстройсервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арыз 12.11.2021 жылы жолданып, 2022 жылғы 03 ақпанда №2301-21-00-2/2240 істің шешімі шығып, жауапкер конкурстық құжаттама тапсыру кезінде қасақана анық емес ақпарат бергендігі туралы тұжырымдау өз дәлелін таппауына орай, «Кульсары металлпромстройсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талабы қанағаттандырылудан бас тартылды.
Бөлім қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
2021 жылдың 2-жартыжылдығында өтініштер түскен жоқ.
Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ атты жадынамалар ілінген.
Бөлімде сенім телефоны ретінде 3-10-83 нөмірі бекітілген.
Аудандық «Мақат тынысы» газетіне 1 сенім телефоны орнатылғандығы туралы жарияланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.
Электронды пошта: otdelstroy85@mail.ru
Сенім телефоны: 8/71239/3-10-83