«Мақат аудандық тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ «Мақат аудандық тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, №36 ғимаратта орналасқан. Тел.: 8/71239/ 3-01-24 және 8/71239/ 3-15-12, 8/71239/ 7-90-54; Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат.

«Мақат аудандық тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ

«Мақат аудандық тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, №36 ғимаратта орналасқан.

Тел.: 8/71239/ 3-01-24 және 8/71239/ 3-15-12, 8/71239/ 7-90-54;

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:                2021 жылғы 2 жарты жылдық.

 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағыттар бойынша жүзеге асты:

1) бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілеріне және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Мақат аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің штат саны – 7 (1 басшы, 1- бас маман, 4- инспектор, 1- есепші) адам.

2020 жылдың 20 желтоқсанында Іңірбай Темірбек Кәримоллаұлы   аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің  басшысы болып тағайындалды.

Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

Мақат аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі өз қызметін аудан әкімдігінің 2015 жылғы 03 наурызында №49 қаулымен бекітілген «Мақат аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің ережесіне сәйкес  жүзеге асырады. Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Бөлім қызметіне қатысты әрекет етуші нормативтік құқықтық актілер қызмет барысында қолданылады.

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің негізгі міндеттері:

1) коммуналдық меншікке объектілер сатып алу;

2) коммуналдық меншік күрделі жөндеудің ережелері мен нормаларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау;

3) өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы нысандарды азаматтық және коммуналдық құрылысы аяқталған нысандарды қабылдауға белгіленген тәртіппен қатысу;

4) тиісті аумақ  шегінде жергілікті маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын, елді мекендердегі көшелерді дамыту жоспарлы мен бағдарламаларын әзірлеп, іске асыру;

5) автомобиль жолдары жөніндегі мемлекеттік уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасай отырып аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын, елді мекендер көшелері жолдарын басқару;

6)жолаушыларды және қолжүктерін ауданаралық тұрақты тасымалдауларды ұйымдастыру, олардың маршруттарын бекіту, оларға қызмет көрсету құқықтарына конкурстарды ұйымдастырып, өткізу және маршруттар бойынша қозғалыс кестелерін бекіту;

7) жолаушыларды және қолжүктерді ауданішілік тасымалдауды дамыту бағдарламасын жасақтау;

8) азаматтардан бұзушылықтар туралы шағымдар мен құжаттарды қабылдайды, олар

бойынша тексерулер ұйымдастырады және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қабылдайды;

Бөлім қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

2021 жылғы 2 жартыжылдығында 36 өтініш түсті.

Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ атты жадынамалар ілінген.

Бөлімде сенім телефоны ретінде 3-01-24 нөмірі бекітілген.

          Облыстық Энергетика және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы ауданда орындалуын қамтамасыз етеді.

Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.

Электронды пошта: zhkh-aftoh@mail.ru

Сенім телефоны: 8/71239/3-01-24

«Мақат аудандық тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ «Мақат аудандық тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, №36 ғимаратта орналасқан. Тел.: 8/71239/ 3-01-24 және 8/71239/ 3-15-12, 8/71239/ 7-90-54; Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат.
Дата публикации
02 марта 2022