«Мақат аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Мақат кенті Қ.Сатпаев көшесі 3А, тел: 8/71239/3-23-15; Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2021 жыл.

 «Мақат аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Мақат кенті Қ.Сатпаев көшесі 3А, тел: 8/71239/3-23-15;

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:

2021 жыл.

  • Қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын бөлім.

Мақат аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі (ары қарай білім бөлімі) өз қызметін Мақат ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 04 ақпандағы қаулысымен бекітілген «Мақат аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің ережесіне»  сәйкес жүзеге асырады.

«Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша бөлім қызметкерлерінің мүдделер қақтығысы, теріс түсінік деректері анықталған жоқ.

    Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық акт бекітілген ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

  • Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Мақат аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің штатында 3 мемлекеттік қызметкер, 5 азаматтық қызметші. Бөлім қызметкерлерінің арасында мүдделер қақтығысы, теріс түсінік деректері анықталған жоқ.

2021 жылдың 12 айында бөлімге 51 арыз-шағым түсті. 51 жеке тұлғадан.  Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес өтініштер уақытылы қаралып, түсіндірме  беру арқылы жауаптары берілді.

Жер  қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінде 2021 жылдың 12 айында 254 бұйрық рәсімделді. Бөлім бойынша 2021 жылы кәсіпкерлік мақсаттағы жер учаскелерін табыстау бойынша 3 аукцион өткізілді.

Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы ұйымының қызметкерлерімен жасалған келісім шартта және функционалдық қызмет бөлінісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жауаптылық  қызметкердің тікелей өз жауапкершілігіне жүктелген.

Мақат аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің көрнекі жерлерінде Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы хабарламалармен қатар, мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексі ілінген. 

Мақат аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі бойынша сенім телефоны 3-23-15.

«Мақат аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Мақат кенті Қ.Сатпаев көшесі 3А, тел: 8/71239/3-23-15; Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2021 жыл.
Дата публикации
02 марта 2022