«Доссор кенті әкімінің аппараты» ММ, Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор кенті, Ғ.Сүлейменова көш-сі, 100 үй.

«Доссор кенті әкімінің аппараты» ММ, Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор кенті, Ғ.Сүлейменова көш-сі, 100 үй.

        1) Нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Доссор кенті әкімінің аппараты (Әрі қарай – Аппарат) өз қызметін Мақат ауданы әкімдігінің  2020 жылғы 16 қаңтардағы №07 қаулысымен бекітілген «Доссор кенті әкімінің аппараты туралы Ережеге» сәйкес жүзеге асырады.

Аппараттың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Аппараттың қызметіне қатысты әрекет етуші нормативтік құқықтық актілер қызмет барысында қолданылады.

2) Аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

          Аппараттың штат саны - 12, техникалық персонал қызметкерлері – 8, азаматтық қызметкерлер - 5.

2021 жылдың ІІ жарты жылдығында Аппаратқа барлығы - 35 өтініш түсті. Оның ішінде: жеке тұлғалардан түскені - 358, заңды тұлғалардан түскен жоқ.

2021  жылдың ІІ жарты жылдығында қаралған  барлығы 35  өтініш, оның ішінде өтініштердің басым копшілігі жер учаскесін бөлу, жер және жерді пайдалану туралы - 29, әлеуметтік мәселелері бойынша -2, коммуналдық мәселелері бойынша -2, басқа да мәселелер -2.

          2021 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша кент әкімімен қабылданған азаматтардың саны 2 адамды құрады, оларға заң шеңберінде түсініктер берілді.

2021 жылдың ІІ-жарты жылдығында барлығы - 85 шешім, 235 өкім қабылданған.

          Аппаратта сенім телефоны ретінде 2-11-33 нөмірі бекітілген. Ғимаратының сыртында ұсыныс-пікірлерді, арыз-шағымдарды қабылдау үшін орнатылған жәшік апта сайын тексерліп тұрады, күні бүгінге дейін ешқандай арыз-шағым, ұсыныс –пікір түспеген.

Аппараттың ғимаратында «Пара жазаланады», «Барлығы әшкере болады. Сыбайлас жемқорлық жазаланады», «Болашағыңа балта шаппа. Жемқорлықтың жібін үз», «Сіз жемқорлықты тоқтата аласыз» атты жадынамалар  ілінген.

         Аппараттың қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарында сыйбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктеліп, қосымшалар енгізілген.

          Мекеме ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттық стендтер, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі орналастырылған.

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған әллеуметтік жарнаманы кеңінен қолдану мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша Доссор кентінің көшелеріне баннерлер орнатылған.

«Доссор кенті әкімінің аппараты» ММ, Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор кенті, Ғ.Сүлейменова көш-сі, 100 үй.
Дата публикации
02 марта 2022