2021 ЖЫЛҒЫ 6 ай БОЙЫНША «БӘЙГЕТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ АППАРАТЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖҮРГІЗІЛГЕН ШАРАЛАР НӘТИЖЕСІ
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 бабының 1,5 тармақтарына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Бәйгетөбе ауылдық округі әкімі аппараты (бұдан әрі - Аппарат) жанынан құрылған жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізді:
1) Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
«Бәйгетөбе ауылдық округі әкімі аппараты» ММ, Атырау облысы, Мақат ауданы, Бәйгетөбе ауылы №49
Қазіргі таңда «Бәйгетөбе ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде 5 мемлекеттік қызметкер, оның ішінде: округ әкімі–К.Тулеуов (сайлау арқылы), бас маман – орны қазіргі таңда бос, бас маман–А.Кунбаева (конкурс арқылы келген), бас маман есепші – Г.Айтжанова(конкурс арқылы келген), жетекші маман – З.Длекеева (конкурс арқылы келген).
Штаттан тыс 8 қызметкер бар. Барлығы еңбек шартнамасы негізінде қызмет атқаруда.
Бәйгетөбе ауылдық округі бойынша еңбек шартын жасаспай қызметкерлердің еңбегін пайдалану фактілері орын алған жоқ. Бәйгетөбе ауылдық округі аппаратында мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.
Жыл басынан осы күнге дейін – 125 өкім; 38 шешім қабылданды.
Бәйгетөбе ауылдық округі бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезектіліктің бірыңғай тізілімі жасақталып, бүгінгі күнге 93 адам кезекте тұр.
Округ әкімі атына 2021 жылдың 6 айында жеке тұлғалардан – 17 өтініш, заңды тұлғалардан 1 өтініш келіп түсті. Қосымша жер учаскесін бөлуді сұраған - 6, шаруа қожалық үшін жер учаскесін бөлу -5, электр бағаналырын ретке келтіру бойынша – 1 оқу курсы бойынша - 1, жерді кері кері қайтару жөнінде – 1, газет басылымына жазылу – 1, жылдамдық бәсеңдеткіш орнату – 1, жер учаскесіне жеке меншік құқықығын беру жөнінде - 1 және саяжай салу үшін жер беру – 1 өтініш келіп түсті.
Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарының орындалуы, бұл мәселенің жай-күйі, азаматтардың арыз-шағымдарының уақытылы қаралуы, берілетін жауаптардың мерзімді және дұрыстығы ауылдық округ мамандарымен үнемі қаралып отырады. Өтініштерге заңға сәйкес уақытылы жауаптар жолданды. Шағымдар келіп түскен жоқ.
«Бәйгетөбе ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің дәлізінде адалдық,парасаттылық, адамгершілік жөнінде ақпараттық стенд, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі ілініп тұр. Тұрғындар үшін қолжетімді жерде шағымдар мен ұсыныстарға арналған «жәшік» орнатылды.
«Адалдық алаңы» жобасы аясында халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында арнайы ақпарат үлгісі халық көп шоғырланатын орындарға ілініп, аталған тақырыпта баннер ілінді. 2021 жылы Бәйгетөбе ауылына «Халқыңа адал бол, жауыңа қатал бол, досыңа адал бол» тақырыбында баннер орнатылды.
Азаматтардың құқықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, болдырмау мақсатында ауылдық округ аппаратында, «сенім телефоны» (3-12-15, 3-06-45) жұмыс жасайды.
Аппараттың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.