Аналитическая информация к результатам внутреннего анализа коррупционных рисков за 2 полугодие 2021 года

2021 жылғы 2-ші жартыжылдық бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелеріне талдамалық ақпарат

 

 «Мақат аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Әрі қарай -Бөлім) өз қызметін аудан әкімдігінің 2017 жылғы 19 қазандағы №191 қаулысымен бекітілген, Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Бөлімнің қызметіне қатысты әрекет етуші нормативтік құқықтық актілер қызмет барысында қолданылады.

Бөлімнің қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктелген.

Еңбек тәртібінде Қазақстан Респуликасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі қатаң сақталады.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі мен мерзімдері қатаң сақталуға үздіксіз міндеттелген.

Бөлімнің мемлекеттік қызметшілер штат саны 4, азаматтық қызметшілер 8. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

          Бөлімінің фейсбук және инстаграмм әлеуметтік желісінде 35 мәрте ақпараттар жарияланды, 147 жадынама таратылды және 262 бөлімге келген аудан тұрғындары мен кәсіпкерлерге дара-дара түсінік жұмыстары жүргізілді.                

Мемлекеттік бағдарламалар арқылы 72 жоба мақұлданып 112 млн. 168 мың теңге көлемінде несие берілді.

2021 жылдың 2-ші жартыжылдығында 49 бұйрық қабылданған.

Техникалық инспекция саласы бойынша машиналарды жүргізу құқығына 2 куәлік берілді, жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын және мемлекеттік нөмерлік белгі беру 1 дана, берілген техникалық паспорт саны 1, мемлекеттік техникалық байқаудан өткен техника саны 55 дана, тіркеуден шыққан саны 3.

Мемлекеттік қызмет көрсету электронды алу тәртібі туралы фейсбук әлеуметтік желісіне 1 рет тікелей эфир жүргізілді.  

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша аудандық «Мақат тынысы» газетіне 3 мақала берілді.

          Мекеме ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттық стендтер, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі орналыстырылған.

          Бөлімге келіп түскен арыз-шағымдарды тіркейтін журнал жасақталып, сенім телефоны 3-02-99 бекітілген.

 

 

2021 жылғы 2-ші жартыжылдық бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелеріне талдамалық ақпарат
Дата публикации
24 февраля 2022