«2021-2025 жылдарға арналған Мақат ауданын дамыту бағдарламасын» іске асыру іс-шаралар жоспарының» 2021 жылдың орындалысы бойынша

«2021-2025 жылдарға арналған Мақат ауданын дамыту бағдарламасын» іске асыру іс-шаралар жоспарының»  

2021 жылдың орындалысы бойынша

 

Талдамалы жазба хаты

 

Мақат аудан әкімдігінің 2021 жылғы 14 қаңтардағы                                 «2021-2025 жылдарға арналған Мақат ауданын дамыту бағдарламасы туралы» №2 қаулысы шықты. Осы қаулы Мақат аудандық мәслихаттың              2021 жылғы 15 қаңтардағы «2021-2025 жылдарға арналған Мақат ауданын дамыту бағдарламасы туралы» №6-VIІ шешімімен бекітілді. 

Мақат аудан әкімдігінің 2021 жылғы 24 қарашадағы                         «2021-2025 жылдарға арналған Мақат ауданын дамыту бағдарламасы туралы» Аудан әкімдігінің 2021 жылғы 14 қаңтардағы №2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы шықты. Осы қаулы Мақат аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 06 желтоқсандағы «Аудандық мәслихаттың              2021 жылғы 15 қаңтардағы «2021-2025 жылдарға арналған Мақат ауданын дамыту бағдарламасы туралы» №6-VIІ шешіміне өзгеріс енгізу туралы»                    №62-VIІ шешімімен қабылданды. 

Мақат аудан әкімдігінің 2021 жылғы 21 мамырдағы                            «2021-2025 жылдарға арналған Мақат ауданын дамыту бағдарламасын іске асыру іс шаралар жоспары туралы» №80 қаулысы шықты.

2021-2025 жылдарға арналған Мақат ауданын дамыту бағдарламасының іс-шара жоспарын іске асыру барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосып келеді.

Бағдарламаны іске асыруға қатысатын органдардың тапсырған  есептерін талдау нәтижесінде 2021 жылы іске асыруға көзделген                             бағдарлама 3 бағыт, 11 мақсат, 13 нысаналы индикатордан тұрады,                      13 индикатордын барлығы орындалды (100%).

Бағыт: Аймақтық экономикалық өсу

  1. Мақсат: Өнеркәсіптің шикізаттық емес салаларын басым дамуы

Нысаналы индикаторлар атауы: Өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі - 105 млн.теңге жоспарланып, 131,1 млн.тенге орындалды.

2021 жылы өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 131 млн. 146 мың теңгені құрады (2020 жыл-жок).  Мақат ауданы бойынша өндеу өнеркәсібі саласына салынған инвестициялар көлемі көрсеткіштері бойынша есептілікті «GPC Investment» ЖШС Атырау қаласына қаңтар-мамыр айындағы есептілікті тапсырып, Ұлттық статистика бюросының Мақат ауданы бойынша департаментіне 1-инвест есептілікті маусым айынан бастап тапсырып келеді. 2021 жылдың жоспарымен салыстырғанда 124,8 пайызға өсіп отыр.                                                                                            

  1. Мақсат: АӨК салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Нысаналы индикаторлар атауы: Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі 102,3 пайыз жоспарланып, 104,5 пайызға орындалды.

2021 жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің  нақты көлемінің индексі 104,5 пайызды құрайды немесе 1253,6 млн.теңге. Ауданда меншіктің барлық түрлеріндегі шаруашылық 734,8 тонна ет, 1563,7 тонна сүт және 42,3 мың дана жұмыртка өндірілді. Яғни бұл көрсеткіш былтырғы жылдың осы мезгілімен салыстырғанда 103%, 103,1%, 111% өсіп отыр. Осы көрсеткіштерге байланысты ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің  нақты көлемінің индексі шығуда.   

ІІ. БАҒЫТ. Өмірдің жаңа сапасын қамтамасыз ету

  1. Мақсат: Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жаңа жұмыс орындарын құру

Нысаналы индикаторлар атауы: Құрылған жұмыс орындарының саны құрылған жұмыс орындарының саны 1160 жоспарланып, 2110 орындалды.

Оның ішінде тұрақты 653 жоспарланып 1203 жұмыс орындары ашылды, уақытша 507 жоспарланып 907 жұмыс орындары ашылды.

Нысаналы индикаторлар атауы: Еңбекке қабілетті АӘК (шартты ақшалай көмек) алушылардың жұмыспен қамтылғандардың және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылғандардың үлес салмағы (ШАҚ еңбекке қабілетті алушылардың жалпы санында) 77,9 пайыз жоспарланып, 100 пайызға орындалды.

АӘК алушылар ішіндегі шартты ақшалай көмек алушылар ішіндегі еңбекке жарамды 100 адамның 31-і жұмыспен қамту шараларына тартылып 100 пайызды құрады.

  1. Мақсат: Жалпы орта білім беру және мектепке дейінгі білім беру қызметтерінің сапасын арттыру

Нысаналы индикаторлар атауы: Жұмыс істеп тұрған апаттық  және үш ауысымдық мектептер саны Мақат ауданы бойынша жұмыс істеп тұрған апаттық  және үш ауысымдық мектептер жоқ.

Нысаналы индикаторлар атауы: Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған мектептер үлесі 71,9 пайызға жоспарланып, 72 пайызға орындалды.

Мақат ауданның жалпы білім беретін 9 орта мектебінде инклюзивті білім беруге жағдай жасалған. 7 мектептің пандустары талапқа сай жасақталған. Тек №76 Л.Шахатов, №2 бастауыш мектептің пандустары талапқа сай келмейді. 4 мектепте яғни А.Құнанбаев, Б.Қанатбаев, М.Баймұханов орта мектептері мен Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешенінде санузел талапқа сай жасақталған. 4 мектепте (А.Құнанбаев, Б.Қанатбаев, Х.Санбаев, Бәйгетөбе) ақпараттық белгілер орнатылған. Сонымен қатар, барлық мектепте ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар әдістемелік құралдармен, үйден оқитын оқушылар компьютерлермен, интернетпен қамтамасыз  етілген. 2021 жылы инклюзивті білім беруге жағдай жасаған мектептердің үлесі 72% құрады.

  1. Мақсат: Азаматтар үшін әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігін арттыру

Нысаналы индикаторлар атауы: Халықтың 1000 адамға шаққандағы спорттық инфрақұрылыммен орташа қамтамасыз етілуі денгейі 24,7 пайызға жоспарланып, орындалды.

Мақат ауданында 21 спорттық зал бар, оның 11 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде, 10 білім беру мекемелерінде.  Спорт залдар көлемі:  3735                                                  1.Қажеттілік:

Спорт зал

S=60*30731/1000

S=1843,86

Жалпы қажеттілік  1843,86                                                                                                                       

2.Қамтылуы:

Спорт зал

1843,86/3735 *100

S=49,4                            

49,2 %/2=24,7%   

  1. Мақсат: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

III. БАҒЫТ: Өмір сүру үшін қолайлы және қауіпсіз аймақ

  1. Мақсат: Азаматтар үшін қол жетімді баспана алуға тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыру

Нысаналы индикаторлар атауы: Бір тұрғынға тұрғын үймен қамтамасыз етілу 15,0 жоспарланып, орындалды.

Аудан бойынша тұрғын үй қоры 461 050 ш.м., халық саны 30731адам. Бір тұрғынға тұрғын үймен қамтамасыз етілу денгейі 15,0 ш.м. құрайды.

  1. Мақсат: Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және ТКШ инфрақұрылым объектілерін жаңғырту

Нысаналы индикаторлар атауы: Халықтың сумен жабдықтау көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуі 100 пайызға жоспарланып, орындалды. Мақат ауданының халқы толықтай сумен қамтылған.

 

  1. Мақсат: Жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту және коммуникация желісін кеңейту

Нысаналы индикаторлар атауы: Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 92,9 пайызға жоспарланып, орындалды.

2021 жылы аудан бойынша 5618 шақырым автокөлік жолдары салынды. Атап айтсақ Доссор кентінде А.Оразов, Қ.Жылқышиев, Н.Құсайынов, Б.Қанатпаев, Бірлік ы/а көшелерінде 3,2 шақырым және Байгетөбе ауылының 2,4 шақырым автокөлік жолдары салынды.

  1. 11. Мақсат: Өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту

Нысаналы индикаторлар атауы: Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі 21,0 пайызға жоспарланып, орындалды.

Аудан бойынша 2021 жылдың 12 айында 6145 тонна қатты тұрмыстық қалдықтарды қоқыс алаңына шығарылып, 1295 тоннасы сұрыпталды. "Актау+НШ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өз күшімен макулатура, пластик, металл қалдықтары қоқыс алаңшасының басында қолмен бөлек жиналып, сұрыпталуда.Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі 21% ды құрады.

  1. Мақсат: АЕМ-ді әлеуметтік игіліктермен және қызметтермен қамтамасыз ету

Нысаналы индикаторлар атауы: Өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес ауылдық елді мекендердің әлеуметтік игіліктермен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етілу деңгейі 84,6 пайызға жоспарланып, орындалды.

Өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес ауылдық елді мекендердің әлеуметтік игіліктермен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етілу деңгейі 84,6 пайызды құрады.

 

«2021-2025 жылдарға арналған Мақат ауданын дамыту бағдарламасын» іске асыру іс-шаралар жоспарының» іске асыруға барлық қаржы көздерінен 1415,5 млн теңге бағытталып 100%  (1415,5 млн теңге) игерілді.

 

 

Аудан әкімінің орынбасары                                                         А.Шанғалаев

 

 

Орындаған: С.Сарбалиева

Тел : 8 (71239) 3-00-14

g.kulbaeva@atyrau.gov.kz

 

«2021-2025 жылдарға арналған Мақат ауданын дамыту бағдарламасын» іске асыру іс-шаралар жоспарының»   2021 жылдың орындалысы бойынша  
Дата публикации
15 февраля 2022