Мақат аудандық экономика және қаржы бөлімінің
2021 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтері бойынша
қорытынды орындалысы туралы
АҚПАРАТЫ
Аудандық экономика және қаржы бөлімі бойынша 2021 жылы 16 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік көрсететін қызмет атуы: (Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерге әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету).
Әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жөніндегі ақпараттық-үгіттеу насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында аудандық экономика және қаржы бөлімде «Дипломмен ауылға!» стенд орналасқандығы, ауданның орта білім беру мектептерінде, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт мекемелерінде 2 рет дөнгелек үстел-семинар ұйымдастырылды, жергілікті «Мақат тынысы» газет беттеріне 4 мақала және Фейсбук интернет сайтына ай сайын 12 мақала жарияланғандығы туралы қаперіңізге береді.
Мақат ауданы бойынша әлеуметтік қолдау шаралары 2009-2021 жылдар аралығында тұрғын үй сатып алу үшін 60 маманға бюджеттік несие, 130 маманға біржолғы көтерме жәрдемақы түріндегі әлеуметтік көмек көрсетілді, оның ішінде 2021 жылы 11 (2 дәрігерге және 9 мұғалімге) көтерме жәрдемақы және 5 (мұғалімге) тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие берілді.