Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы

 

Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің м.а 2020 жылғы 31 қаңтары №39\НҚ
бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді.

2021 жылы 12 айында  жергілікті атқарушы органдармен барлығы көрсетілген – 4876 мемлекеттік қызмет  көрсетілді. Оның ішінде:

-  Көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны –5 (0,1%)

- «Электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны –63 (1,3%)

Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны-1213 (24,8%)

- Электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны –3595 (73,8%), оның ішінде:  

-«электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны-1307

-ақпараттық жүйе арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 1765

- «Е-лицензия» арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны -523

Мақат ауданы бойынша электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын арттыру бойынша 41 жиналыстар, әлеуметтік желіде  31 бейнеролик, 120 брошюралар таратылып, аудандық Мақат тынысы газетіне 38 мақалалар жарияланды.                              9 қоғамдық қабылдау, 9 жәрмеңке, «Адал көмек» жобасы аясында                  14 онлайн кеңестер, 2 қоғамдық кеңес, 1 МВРГ отырысы өткізіліп, әлеуметтік желіде 87 ақпараттар жарияланды.

Мақат, Доссор кенттері мен Бәйгетөбе ауылдық округі әкімдігінде және өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы тұрғындарға электронды түрде                       27353  Мақат кенті (қызмет -15429, ЭЦҚ-3797), Доссор кенті (қызмет –6648, ЭЦҚ-616), Бәйгетөбе ауылдық округі (қызмет – 144, ЭЦҚ -66), аудандық дербес бөлімдер (қызмет -491, ЭЦҚ-162),   қызметтер көрсетілді. 

Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында мемлекеттік қызмет түрлерін көрсететін мемлекеттік органдардың ғимараттары ақпараттық стендтермен жабдықталған және де мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсету жағдайы қарастырылған.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы
Дата публикации
04 февраля 2022