Мақат ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 11 шілдедегі №117 «Мақат ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан
жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін (К айм) бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37-баптарына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Мақат ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Көрсетілген қаулының мемлекеттік тілдегі тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мақат ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін (К айм) бекіту туралы»
2) Көрсетілген қаулының орыс тіліндегі тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Об утверждении коэффициентов зонирования (К зон), учитывающего месторасположение объекта налогообложения в населенных пунктах Макатского района»
3) Көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
|
Мақат ауданының әкімі |
|
Ш. Кейкин |