№402 бекет – Мақат кентінің 4 бөлімшесі бағытында жолаушылар мен жүкті тұрақты автомобильмен тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы

№402 бекет – Мақат кентінің 4 бөлімшесі бағытында  жолаушылар  мен  жүкті тұрақты автомобильмен тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы

 

 

         «Қазақстан  Республикасындағы   жергілікті   мемлекеттік  басқару   және өзін-өзі    басқару     туралы»    Қазақстан  Республикасының   2001    жылғы    23 қаңтардағы  Заңының  31 бабының 2 тармағына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003  жылғы 4  шілдедегі  Заңының         19  бабының  2 тармағына  және  «Тұрақты  маршруттар бойынша жолаушылар мен  багажды  тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер  есептеу  әдістемесін  бекіту туралы»  Қазақстан  Республикасы  Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы №614 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде                  №7297 тіркелген) сәйкес, Мақат ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. №402 бекет – Мақат кентінің 4 бөлімшесі бағытында жолаушылар мен жүкті тұрақты автомобильмен тасымалдауына жолаушының бір реттік жол жүру ақысы 50 (елу) теңге мөлшерінде бірыңғай тариф белгіленсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Мақат ауданы әкімінің орынбасары Т.Нұрпейісовке жүктелсін.
  3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                                                          Ш. Кейкин

№402 бекет – Мақат кентінің 4 бөлімшесі бағытында жолаушылар мен жүкті тұрақты автомобильмен тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы
Дата публикации
20 мая 2021