Мақат ауданының мектепке дейінгі ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысының, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Мақат ауданының мектепке дейінгі ұйымдарындағы мектепке  дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысының, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы  27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Мақат ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес Мақат ауданының мектепке дейінгі ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
  2. Мақат ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 02 қазандағы №172 «Мақат ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3960 санымен тіркелген, 2017 жылғы 25 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Мақат ауданы әкімінің орынбасары Н.Ерғалиевке жүктелсін.
  4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                                                       Ж.Карағаев     

Мақат ауданының мектепке дейінгі ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысының, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
Дата публикации
20 мая 2021