Доссор кенті аумағында жолаушылар мен жүкті тұрақты автомобильмен тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы

Доссор кенті аумағында  жолаушылар  мен жүкті тұрақты

автомобильмен тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы

 

         «Қазақстан  Республикасындағы   жергілікті   мемлекеттік  басқару   және өзін-өзі    басқару     туралы»    Қазақстан  Республикасының   2001    жылғы    23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003  жылғы 4  шілдедегі  Заңының 19  бабының  2 тармағына және «Тұрақты  маршруттар бойынша жолаушылар мен  багажды  тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер  есептеу  әдістемесін  бекіту туралы»  Қазақстан  Республикасы  Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы №614 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7297 тіркелген) сәйкес, Мақат ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Доссор кенті аумағында жолаушылар мен жүкті тұрақты автомобиль тасымалдауына жолаушының бір реттік жол жүру ақысы 50 (елу) теңге мөлшерінде бірыңғай тариф белгіленсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Мақат ауданы әкімінің орынбасары Т.Нұрпейісовқа жүктелсін.
  3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Аудан әкімі                                                                                              Ж.Қарағаев

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

Атырау облысының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 20.03.2019

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 4351 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Акимат Атырауской области - Руководитель отдела Аида Айбековна Муканова, 14.03.2019 10:52:04, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі

Аппарат Макатского районного маслихата - Секретарь маслихата Куаныш Жанашович Исмагулов, 15.03.2019 16:47:23, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі

Департамент юстиции Атырауской области - Руководитель Сағынбай Бейбітұлы Тұрғарин, 18.03.2019 16:48:16, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі

Результаты подписания

Атырау облысының әкімдігі - Атырау облысы әкімінің орынбасары Ж. Карагаев, 18.03.2019 17:08:18, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі

Доссор кенті аумағында жолаушылар мен жүкті тұрақты автомобильмен тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы
Дата публикации
20 мая 2021