Жергілікті атқарушы органдармен 2021 жылдың І тоқсан бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы
Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің м.а 2020 жылғы 31 қаңтары №39\НҚ
бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді.
2021 жылы І тоқсанында жергілікті атқарушы органдармен барлығы көрсетілген – 1468мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде:
- Қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 11
Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны-401
- Электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 1054, оның ішінде:
-«электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны-218
-ақпараттық жүйе арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 758
- «Е-лицензия» арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны -78.
Мақат ауданы бойынша электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын арттыру бойынша 14 жиналыстар, әлеуметтік желіде 8 бейнеролик, 120 брошюралар таратылып, аудандық Мақат тынысы газетіне15 мақалалар жарияланды. «Адал көмек» жобасы аясында 5 онлайн кеңестер берілді.
Мақат, Доссор кенттері мен Бәйгетөбе ауылдық округі әкімдігінде өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы тұрғындарға электронды түрде 13950 ( Мақат кенті – 11982, Доссор кенті – 1945, Бәйгетөбе ауылдық округі - 23) қызметтер көрсетілді.