Электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын арттыру мақсатында наурыз айында өткізілген шаралар туралы ақпарат

Электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын арттыру мақсатында наурыз айында өткізілген шаралар туралы ақпарат

 

Мақат ауданы бойынша 2021 жылға электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын арттыруға арналған              іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 03 - 30 наурыз аралығында аудан әкімі аппараты, Мақат аудандық жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы, аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдері мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалының Мақат аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімі қызметкерлерімен бірлесе отыра «Мақат желілік өндірістік басқармасы», «Мақат энерго жөндеу мекемесі», «Атырау су арнасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, «Атырау жарық» мекемесі мен «М.Баймұханов», «Л.Шахатов» орта мектептері жұмыскерлеріне сақтық шараларын сақтай отыра электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Тұрғын үй кезегіне көрсетілетін мемлекеттік қызметерді электронды үкіметтің веб порталы арқылы тіркелуге болатынтығы  жөнінде түсінік берілді.

Атап айтсақ, қазіргі таңда көптеген  мемлекеттік қызметтерді  egov, egovmobile, telegram қосымшалардан алуға зор мүмкіндік бар екенін, сондай-ақ халықтың көп шоғырланған орындарға бармай өздіктерін қажетті мемлекеттік қызметтерді үйден немесе жұмыс орнынан алуға болатыны түсіндірілді.

Сөз соңында туындаған сұрақтар мен ұсыныс –пікірлерге жауаптар берілді.

Электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын арттыру мақсатында наурыз айында өткізілген шаралар туралы ақпарат
Дата публикации
19 апреля 2021