2020 жылғы Мақат кенті бойынша бюджеттің орындалысына түсіндірме жазба

2020 жылғы Бәйгетөбе округі бойынша бюджет орындалысына ТҮСІНДЕРМЕ

САЛЫҚТЫҚ ТҮСІМДЕР

101202 - Төлем көзінен салық салынбайтын  табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы: Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша – 30,0 мың теңге болжамының, нақты түскені – 30,3 мың теңге, болжамнан артық – 0,3 мың теңге түсті немесе 101,1 пайызға орындалды.

104102 – Жеке мүлкіне салынатын салық: Жеке мүлкіне салынатын салық бойынша – 9,0 мың теңге болжамның, нақты түскені – 13,5  мың теңге. Болжамнан артық – 4,5 мың теңге түсті немесе 150 пайызға орындалды.  

104302 – Жер салығы: Жер салығы бойынша жылдық болжам – 18,0 мың теңге, нақты түскені – 22,2 мың теңге, болжамнан артық – 4,2 мың теңге түсті, немесе 123,2 пайызға орындалды.

104402 - Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық: Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық бойынша жылдық болжам – 1056,0 мың теңге, нақты түскені – 1579,8 мың теңге, болжамнан артық – 523,8 мың теңге түскен немесе 149,6 пайызға орындалды. Болжамнан артық сомалар өткен жылдардың бережақ сомалары.

 ТРАНСФЕРТТЕР ТҮСІМІ.

402301 – ағымдағы нысаналы трансферттер: Трансферттер жоспары – 14887,0 мың теңге,  нақты түскені – 14887,0 мың теңге.

402303 – Субвенция :  Субвенция жоспары – 20186,0 мың теңге,  нақты түскені – 20186,0 мың теңге.

ШЫҒЫНДАР.

2020 есепті қаржы жылына нақтыланған бюджет – 36186,0 мың теңге, тиянақталған бюджет – 36186,0 мың теңге, есепті кезеңге кассалық орындалысы – 36181,5  мың теңге немесе 100,0 %.  

2020 жылы бюджет шығыстарының атқарылуы 2 функционалдық топ бөліндісінде жүзеге асырылды.

1 функционалдық топ

«Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер»

Жалпы 1 функционалдық топ «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» бойынша нақтыланған бюджет – 29186,0 мың теңге, кассалық орындалысы – 29181,5 мың теңге, немесе 100%.

124 001 Кент, ауылдық округі әкімінің аппараты: Кент, ауылдық округі әкімінің қызметін қамтамасыз етуге нақтыланған бюджет – 29186,0 мың теңге, кассалық орындалысы – 29181,5 мың теңге, немесе 100%.

Атырау облысы Мақат ауданы Бәйгетөбе ауылдық округі Бәйгетөбе ауылы 49 орналасқан, жалпы алаңы 259,2 шаршы метр құрайтын Бәйгетөбе ауылдық округі әкім аппаратының өз қызметтерін атқару үшін 5 мемлекеттік қызметкерлер штат бойынша бекітілген, оның ішінде 1 округ әкімі, 3 бас маман, 1 жетекші маман  және 8 техникалық персоналды, барлығы 13  қызметкерлерге жалақысы мен салық төлемдері – 23 505 мың.теңге.

Коммуналдық шығындарға  - 685,0 мың тенге; жанар май сатып алуға - 300,0 мың теңге; кеңсе тауарлар мен шаруашылық тауарларын сатып алуға - 140, 0 мың тенге; интернет және телефон байланысына - 300,0 мың тенге; автокөлікті сақтандыру - 29,0 мың тенге;  қызметкерлердің іс сапар шығындары - 726,0 мың теңге, өзгеде қызметтер мен жұмыстарға – 2 780,0 мың теңге (жылу қазандығының техникалық қызметі, автокөлік жөндеу, компьютер жөндеу, картридж толтыру, бланк шығару, парус бағдарламасына техникалық қызмет және т.б)

7 функционалдық топ.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық»

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық топ бойынша   шығындар  100% игерілді, нақтыланған бюджет – 7000,0 мың теңге, кассалық орындалыс – 7000,0 мың теңге.              

124 008  Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру:

Елді мекендерде көшелерді жарықтандыруға нақтыланған жоспар – 1500,0 мың теңге, кассалық орындалыс – 1500,0 мың теңге, немесе 100%,           соның ішінде: Бәйгетөбе ауылдық округінің көше жарық жүйесіне ақы төлеу – 1000,0 теңге, Бәйгетөбе ауылдық округінің көше жарығы электр желілеріне техникалық қызметтер көрсету және күтіп ұстау - 500,0 теңге.

124 011 «Елді мекендерді аббаттандыру мен көгалдандыру»:

Елді мекендерді аббаттандыру мен көғалдандыруға нақтыланған жоспар  - 5500,0  мың теңге, кассалық орындалыс – 5500,0 мың теңге, немесе 100,0 %,       соның ішінде: баннерлер орнатуға – 500,0 теңге, ауылдық округ шекарасын белгілеу үшін Қарабатан елді мекеннің тұсынан «Стелла Мақатты» орнатуға -5000,0 теңге.

 

 Қаржы жылының аяғына бюджет қаражаттарының қалдықтары 559,6 мың теңгені құрады. 2020 жылдын 12 айына дебиторлық берешек және кредиторлық берешек қалыптасқан жоқ.

Бәйгетөбе округ әкімі:                                                          Қ.Төлеуов

Бас маман-есепші:                                                                    Г.Айтжанова

2020 жылғы Мақат кенті бойынша бюджеттің орындалысына түсіндірме жазба
Дата публикации
01 апреля 2021