2020 жылғы Бәйгетөбе ауылдық округі бойынша бюджет орындалысына түсіндірме жазба

 2020 жылғы Бәйгетөбе округі бойынша бюджет орындалысына ТҮСІНДЕРМЕ

САЛЫҚТЫҚ ТҮСІМДЕР

101202 - Төлем көзінен салық салынбайтын  табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы: Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша – 30,0 мың теңге болжамының, нақты түскені – 30,3 мың теңге, болжамнан артық – 0,3 мың теңге түсті немесе 101,1 пайызға орындалды.

104102 – Жеке мүлкіне салынатын салық: Жеке мүлкіне салынатын салық бойынша – 9,0 мың теңге болжамның, нақты түскені – 13,5  мың теңге. Болжамнан артық – 4,5 мың теңге түсті немесе 150 пайызға орындалды.  

104302 – Жер салығы: Жер салығы бойынша жылдық болжам – 18,0 мың теңге, нақты түскені – 22,2 мың теңге, болжамнан артық – 4,2 мың теңге түсті, немесе 123,2 пайызға орындалды.

104402 - Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық: Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық бойынша жылдық болжам – 1056,0 мың теңге, нақты түскені – 1579,8 мың теңге, болжамнан артық – 523,8 мың теңге түскен немесе 149,6 пайызға орындалды. Болжамнан артық сомалар өткен жылдардың бережақ сомалары

ТРАНСФЕРТТЕР ТҮСІМІ. 402301 – ағымдағы нысаналы трансферттер: Трансферттер жоспары – 14887,0 мың теңге,  нақты түскені – 14887,0 мың теңге.

402303 – Субвенция :  Субвенция жоспары – 20186,0 мың теңге,  нақты түскені – 20186,0 мың теңге.

ШЫҒЫНДАР.

2020 есепті қаржы жылына нақтыланған бюджет – 36186,0 мың теңге, тиянақталған бюджет – 36186,0 мың теңге, есепті кезеңге кассалық орындалысы – 36181,5  мың теңге немесе 100,0 %.  

2020 жылы бюджет шығыстарының атқарылуы 2 функционалдық топ бөліндісінде жүзеге асырылды.

1 функционалдық топ

«Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер»

Жалпы 1 функционалдық топ «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» бойынша нақтыланған бюджет – 29186,0 мың теңге, кассалық орындалысы – 29181,5 мың теңге, немесе 100%.

124 001 Кент, ауылдық округі әкімінің аппараты: Кент, ауылдық округі әкімінің қызметін қамтамасыз етуге нақтыланған бюджет – 29186,0 мың теңге, кассалық орындалысы – 29181,5 мың теңге, немесе 100%.

Атырау облысы Мақат ауданы Бәйгетөбе ауылдық округі Бәйгетөбе ауылы 49 орналасқан, жалпы алаңы 259,2 шаршы метр құрайтын Бәйгетөбе ауылдық округі әкім аппаратының өз қызметтерін атқару үшін 5 мемлекеттік қызметкерлер штат бойынша бекітілген, оның ішінде 1 округ әкімі, 3 бас маман, 1 жетекші маман  және 8 техникалық персоналды, барлығы 13  қызметкерлерге жалақысы мен салық төлемдері – 23 505 мың.теңге.

Коммуналдық шығындарға  - 685,0 мың тенге; жанар май сатып алуға - 300,0 мың теңге; кеңсе тауарлар мен шаруашылық тауарларын сатып алуға - 140, 0 мың тенге; интернет және телефон байланысына - 300,0 мың тенге; автокөлікті сақтандыру - 29,0 мың тенге;  қызметкерлердің іс сапар шығындары - 726,0 мың теңге, өзгеде қызметтер мен жұмыстарға – 2 780,0 мың теңге (жылу қазандығының техникалық қызметі, автокөлік жөндеу, компьютер жөндеу, картридж толтыру, бланк шығару, парус бағдарламасына техникалық қызмет және т.б)

7 функционалдық топ.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық топ бойынша   шығындар  100% игерілді, нақтыланған бюджет – 7000,0 мың теңге, кассалық орындалыс – 7000,0 мың теңге.              

124 008  Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру:

Елді мекендерде көшелерді жарықтандыруға нақтыланған жоспар – 1500,0 мың теңге, кассалық орындалыс – 1500,0 мың теңге, немесе 100%,           соның ішінде: Бәйгетөбе ауылдық округінің көше жарық жүйесіне ақы төлеу – 1000,0 теңге, Бәйгетөбе ауылдық округінің көше жарығы электр желілеріне техникалық қызметтер көрсету және күтіп ұстау - 500,0 теңге.

124 011 «Елді мекендерді аббаттандыру мен көгалдандыру»:

Елді мекендерді аббаттандыру мен көғалдандыруға нақтыланған жоспар  - 5500,0  мың теңге, кассалық орындалыс – 5500,0 мың теңге, немесе 100,0 %,       соның ішінде: баннерлер орнатуға – 500,0 теңге, ауылдық округ шекарасын белгілеу үшін Қарабатан елді мекеннің тұсынан «Стелла Мақатты» орнатуға -5000,0 теңге. Қаржы жылының аяғына бюджет қаражаттарының қалдықтары 559,6 мың теңгені құрады. 2020 жылдын 12 айына дебиторлық берешек және кредиторлық берешек қалыптасқан жоқ.

2020 жылғы Бәйгетөбе ауылдық округі бойынша бюджет орындалысына түсіндірме жазба
Дата публикации
29 марта 2021