Электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын арттыру мақсатында өткізілген шаралар туралы ақпарат

Электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын арттыру мақсатында өткізілген шаралар туралы ақпарат

 

Мақат ауданы бойынша 2021 жылға электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын арттыруға арналған  іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 09 - 26 ақпан аралығында аудан әкімінің бас инспекторы Г.Атабаева, Мақат аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалының Мақат аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімі қызметкерлерімен бірлесе отыра «Қамқор Локомотив» ЖШС, «Мақат станса» мекемесі, Хамза Санбаев орта мектебі, Мақат балалар жасөспірімдер спорт мектебі мен Доссор балалар жасөспірімдер спорт мектебінің жұмыскерлеріне сақтық шараларын сақтай отыра электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Техникалық инспекция саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметерді электронды үкіметтің веб порталы арқылы қабылданатыны  жөнінде айтып өтті.

Атап айтсақ, қазіргі таңда көптеген  мемлекеттік қызметтерді  egov, egovmobile, telegram қосымшалардан алуға зор мүмкіндік бар екенін, сондай-ақ халықтың көп шоғырланған орындарға бармай өздіктерін қажетті мемлекеттік қызметтерді үйден немесе жұмыс орнынан алуға болатыны түсіндірілді.

Сөз соңында туындаған сұрақтар мен ұсыныс –пікірлерге жауаптар берілді.

Электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын арттыру мақсатында өткізілген шаралар туралы ақпарат
Дата публикации
10 марта 2021