Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде

жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру,  мәдениет  саласындағы мамандар  лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

 

 

         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                     23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының  2015 жылғы 23 қаңрашадағы Еңбек көдексінің 139-бабының 9-тармағына және аудандық мәслихаттың  2021 жылғы  10 ақпандағы №445-VІ «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесімен келісу туралы» шешіміне сәйкес аудан әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілер болып тпбылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазысдарының тізбесі айқындалдсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Мақат ауданы әкімінің орынбасары А.Шаңғалаевқа жүктелсін.
  3. Осы қаулы ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 5 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

 

 

Аудан әкімі                                                                                         Ш.Кейкин

 

 

 

 

 


КЕЛІСІЛДІ:

 

Мақат аудандық мәслихаты

сессиясының төрайымы                                                           Г.Саликова

«___»_____________ 2021 жыл

 

Мақат аудандық

мәслихатының хатшысы                                                           Қ.Исмагулов

«___»_____________ 2021 жыл

 

Мақат ауданы әкімдігінің

2021 жылғы «__»  наурыздағы №__қаулысына қосымша

                

 

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде

жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру,  мәдениет

саласындағы мамандар  лауазымдарының

ТІЗБЕСІ

 

  1. Мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдары:

 аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы;

аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бөлім басшысы;

аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік кәсіпорын басшысы;

аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік кәсіпорын бөлім басшысы;

кітапхана меңгерушісі, кітапханашы, билиограф, әкімші (негізгі қызметтер), редактор, көркемдік жетекші, дыбыс режиссеры,  мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), музыкалық жетекші, қоюшы режиссер, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), дирижер, режиссер, режиссер көмекшісі, барлық атаудағы әртістері, хореограф, аккомпаниатор-концертмейстер (негізгі қызметтер).

 

  1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандарының лауазымдары:

әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман.

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Дата публикации
26 февраля 2021