
Жолмағанбетов Табылды Демешұлы- 1947 жылы 3-ақпанда Мақат ауданы Доссор кентінде дүниеге келген.
Еңбек жолын 1963-1966 жылдары Доссор кентінде «АРЗ» мекемінде токарь боып бастаған.
1969-1971 жылдары Доссор кентінде «МРЭС» мекемесінде электр жөндеушісі;
1971-1974 жылдары Доссор кентінің Балалар спорт мектебінің бапкері;
1974-1995 жылдары Доссор кентінің В.Г.Белинский атындағы орта мектебінің дене тәрбиешісі;
1995-1998 жылдары Доссор кентінде орта кәсіпкерлік техникалық мектебінің директоры;
1998-2001 жылдары Доссор кентінің В.Г.Белинский атындағы орта мектебінің тәрбие ісін меңгерушісі;
2001-2003 жылдары Доссор кенті дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің директоры;
2003-2016 жылдары Мақат аудандық мәслихатының хатшысы;
2016 жылдың 1 сәуірінен бастап Мақат аудандық мәслихатының хатшысы лауазымынан зейнеткерлікке шыққан.