Батырова Сатыбалды Махметовна- 1959 жылы 9 ақпанда Атырау облысы Мақат ауданы Мақат кентінде дүниеге келген.
Білімі жоғары, 1982 жылы Гурьев педагогикалық институтын орыс тілі және әдебиет мамандығымен тәмамдаған.
Алғашқы еңбек жолын 1976 жылы 1 қыркүйекте Мақат ауданы Мақат кентінде №24 азаматтық құрылыс дистанциясында жатақхана кезекшісі болып бастаған.
1983-1988 жылдары Мақат поселкелік халық депутаты, совет хатшысы;
1988-1989 жылдары Доссор мұнай өндіру басқармасына қарасты «Теремок» балабақшасында аға тәрбиеші;
1989-1993 жылдары Халық депутаттары Мақат аудандық советі атқарушы комитетінің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы;
1993-1994 жылдары Мақат ауданы әкімшілігі аппараты;
1994-1997 жылдары Мақат аудандық мәслихат депутаттары жиналысы аппараты бас маманы;
1997-1998 жылдары «Мақсат» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны кадр бөлімінің инспекторы;
1998-2002 жылдары Мақат ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмыстары бөлімінің бас маманы;
2002-2003 жылдары Аудан әкімі аппараты жалпы бөлімінің бас маманы;
2003-2005 жылдары Мақат кенті әкімі аппаратының жетекші маманы;
2005-2009 жылдары Мақат кенті әкімі аппаратының бас маманы;
2009-2010 жылдары Мақат аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы;
2011-2015 жылдары Мақат аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің әдістемешісі;
2015-2018 жылдары Мақат аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы;
2018 жылдан бастап Мақат аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы лауазымынан зейнеткерлікке шыққан.