
Жоламанов Ерғазы Оспанұлы- 1947 жылы 18 мамырда Атырау облысы , Мақат кенті, Бәйгетөбе ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары,
Жалпы жұмыс өтілі 55 жыл, саладағы жұмыс өтілі 30 жыл.
Жоламанов Ерғазы Оспанұлы еңбек жолын 1964 жылы Мақат теміржол бекетінде жол реттеушісі болып бастаған.
1966 жылы Шұбарқұдық – Мақат станциясы машинист көмекшісі.
1978-1981 жылдар аралығында Мақат локомотив депосында локомотивтерді реостатты сынау машинистісі.
1981 - 1985 жылдар аралығында Мақат локомотив депосында локомотив бригадаларының нұсқаушы-машинистісі.
1986-1993 жылдар аралығында Мақат локомотив депо бастығының пайдалану ісі жөніндегі орынбасары.
1993-1995 жылдар аралығында Мақат локомотив депо бастығының күрделі құрылыс жөніндегі бірінші орынбасары.
1995 - 1997 жылдары Мақат кентінің әкімі.
1997 - 1998 жылдары Мақат локомотив депо бастығының пайдалану ісі жөніндегі орынбасары, №3 азаматтың құрылыс дистанциясының бастығы.
1998 -1999 жылдары Атырау қаласындағы құрылыс құрастыру пойызының шебері.
1999 - 2000 жылдары Мақат кентінің әкімі.
2000-2006 жылдары Мақат аудан әкімінің орынбасары.
2006 жылы Мақат кентінің әкімі және ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі,
2007 жылдан бастап КМК «Мақат-су арнасы» директоры.
2009 - 2010 жылдары КМК «Мақат автокөлік базасы» директоры.
2013- 2014 жылдары «Атырау Су Арнасының» Мақат учаскесі бойынша участок бастығы.
2017 жылдан қазіргі уақытқа дейін аудандық қоғамдық кеңес төрағасы және Бәйгетөбе ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметін атқаруда.
2005 жылы Қазақстан Конституциясына 10 жыл, 2014 жылы ҚР «Құрмет грамотасы», 2016 жылы Атырау облысы Мақат ауданы «құрметті азаматы».