Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алу үшін қаражатымның жеткілікті екенін қалай тексеруге болады?
БЖЗҚ өз зейнетақы жинақтарыңызды тексерудің бірнеше тәсілін ұсынады:
Бірінші және ең танымал тәсіл – интернет-байланыс арқылы, кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен enpf.kz сайтындағы жеке кабинеттен немесе мобильді қосымшада қажетті ақпаратты алуға болады. Оған кіру үшін салымшыға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ-ны egov.kz порталында қашықтықтан алуға болады) немесе БЖЗҚ дерекқорында тіркелген ЖСН мен пароль қажет.
Екінші тәсіл – үзінді көшірмені салымшы көрсеткен электрондық пошта мекенжайына жіберу. Салымшы мәліметтерді алу кезеңділігін өзі таңдайды: ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет немесе жыл сайын.
Үшінші тәсіл – egov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинет арқылы. Оған кіру ЭЦҚ немесе mGov мобильді базасында тіркелген салымшының ұялы телефон нөміріне жіберілетін бір реттік sms-пароль арқылы жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, өз зейнетақы шотыңызды БЖЗҚ-ның кез келген кеңсесіне барып немесе дәстүрлі пошта арқылы жыл сайынғы үзінді көшірмені алу арқылы тексеруге болады.
Салымшы кез келген уақытта enpf.kz сайтында (ЭЦҚ көмегімен) немесе БЖЗҚ кеңсесінде ақпарат алу тәсілін таңдап, өзгерте алады.
Барлық қызметтерді смартфондар немесе планшеттер арқылы алу ыңғайлы және осы тәсілге үйренген адамдар үшін қарапайым және функционалды ENPF қосымшасы бар.
Осы мобильді қосымшаға тіркелу үшін ұялы телефоныңызға смс-хабарлама арқылы жіберілетін бір реттік құпиясөзді пайдалануға болады.
Сондай-ақ, Қордың сайты мен мобильді қосымшасындағы Жеке кабинетте «Үзінді-көшірме алу» опциясына зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алу үшін жеткіліктілік шегі көрсетілген жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірме алу функциясы қосылған.
Халыққа ыңғайлы болуы және оларға неғұрлым қолдау көрсету үшін зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегі туралы ақпарат алуға арналған cabinet.enpf.kz/porog жаңа сервисі әзірленді. Қызметті электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) немесе SMS арқылы mGov мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөміріне түсетін бір реттік парольдің көмегімен қолдануға болады.
ЭЦҚ көмегімен авторлану үшін www.cabinet.enpf.kz/porog порталына өтіп, дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру керек, қолтаңба сертификатын таңдап, ЭЦҚ арқылы қызметке кіруге болады. Бір реттік пароль арқылы авторлану үшін бар-жоғы бірнеше қадам жасау керек:
Бұл қосымша сервис салымшылар үшін өте ыңғайлы, себебі, ол жеткіліктілік шегін ЭЦҚ-сыз және БЖЗҚ бөлімшелеріне бармай-ақ білуге мүмкіндік береді. Сервис мемлекеттік органдар айқындайтын ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі талаптарға толық сәйкес келеді.