Жергілікті атқарушы органдармен 2020 жылдың 12 айында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы есебі

Жергілікті атқарушы органдармен 2020 жылдың 12 айында

көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы есебі

 

Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а 2020 жылғы             31 қаңтары №39\НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді.

2020 жылы 12 айында жергілікті атқарушы органдармен барлығы көрсетілген – 8438 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде:

- Көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны –102;

- «Электрондықүкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 486;

- Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 1513;

- Электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 6337, оның ішінде:

- «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны -1937,

- ақпараттық жүйе арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 4044,

- «Е-лицензия» арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны -356.

Жергілікті атқарушы органдармен 2020 жылдың 12 айында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы есебі
Дата публикации
03 февраля 2021