2021 жылдың 27 қаңтар сағат 10.00.-де аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары А.Шангалаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Комиссия отырысына комиссия мүшелері, полиция қызметкерлері, А.Құнанбаев атындағы орта мектептің психологі, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, БАҚ өкілі қатысты.
Күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. Күн тәртібіндегі 1 мәселе бойынша Мақат аудандық полиция бөлімінің ЖПҚБ-нің УПИ полиция аға лейтенанты Д.Зедляев баяндама жасады.