Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы
Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің м.а 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39\НҚ
бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді.
2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары бойынша жергілікті атқарушы органдармен барлығы көрсетілген –2316мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде:
- Көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны –83;
- «Электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны –24;
- Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 147;
- Электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 2062оның ішінде:
-«электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 731;
-ақпараттық жүйе арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны –788;
- «Е-лицензия» арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 543.
Мақат, Доссор кенттері мен Бәйгетөбе ауылдық округі әкімдігінде өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы тұрғындарға электронды түрде 9090Мақат кенті (қызмет – 6335, ЭЦҚ –1842), Доссор кенті (қызмет–626, ЭЦҚ – 255),Бәйгетөбе ауылдық округі (қызмет- 17, ЭЦҚ-15) қызметтер көрсетілді.
Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында мемлекеттік қызмет түрлерін көрсететін мемлекеттік органдардың ғимараттары ақпараттық стендтермен жабдықталған және де мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсету жағдайы қарастырылған.