Мақат аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
|
Мақат ауданы Бәйгетөбе ауылдық округі әкімнің сайлауын тағайындау туралы
|
|
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабының 1-тармағы, 2) тармақшалары және 3-тармақтарына сәйкес Мақат аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2026 жылғы 27 қыркүйекке Мақат ауданы Бәйгетөбе ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2026 жылғы 27 қыркүйекке тағайындалған Мақат ауданы Бәйгетөбе ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Мақат аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
|
Төраға
|
Р.Мақсотов
|
|
Хатшы
|
М.Уәли
|
Мақат кенті
19 тамыз 2026 жыл
№2