БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Мақат аудандық мәслихаттың «Жергілікті бюджеттен қаржыландыратын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы» шешімінің жобасына
«Мақат ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі «Жергілікті бюджеттен қаржыландыратын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы» Мақат аудандық мәслихаттың шешімінің жобасын (бұдан әрі - шешім жобасы) әзірледі.
Осы шешім жобасын әзірлеудің мақсаты бюджет ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақысына ынталандыру үстемеақысы болып табылады.
Шешім жобасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының №15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюжет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 5-тармағы 3) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Осылайша, шешім жобасын қабылдау жергілікті бюджеттен қаржыландыратын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу үшін қажет.
Шешім жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
шешім жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және Мақат ауданы әкімдігінің сайтында 2026 жылғы 10 тамызда орналастырылды.