«Мақат аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау анықтамасы
Мақат ауданы 19.07.2026жыл
Талданатын объект туралы мәлімет:
«Мақат аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Талдаудың негізі:
«Мақат аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының 2026 жылғы 15 маусым №47 бұйрығы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды анықтауға құрылған топ құрамы:
Сәлімов Бақберген Батиханұлы – аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, топ жетекшісі;
Кеуелова Алмагуль Куатбаевна - аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы жұмыс тобының мүшесі;
Аманқосова Асемгул - аудандық ішкі саясат бөлімінің есепші жұмыс тобының мүшесі;
Талдауды жүргізу мерзімі: 2026 жылдың маусым-шілде айы.
Талдау бағыты:
1) Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
2) Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Ақпараттық талдамалық бөлім.
Мақат аудандық ішкі саясат бөлімі өз қызметін Мақат ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 19 сәуірдегі №74 қаулысымен бекітілген «Мақат аудандық ішкі саясат бөлімі туралы Ережеге» сәйкес жүзеге асырады.
Бөлімнің қарамағында Мақат аудандық жастар ресурстық орталығы бар.
Бөлімнің заңды мекен-жайы: индекс 060600, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті Қ.Сәтбаев көшесі 1 үйде орналасқан. Тел: 8 (71239) 3-02-77.
Атырау облысы Мақат ауданының ішкі саясат бөлімінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілері:
1) Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 19 мамырдағы №290-VIII "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңы;
2) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі №451 "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңы;
3) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410- V "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңы;
4) Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі №36 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" Заңы;
5) Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 мамырдағы №3 "Қоғамдық бірлестіктер туралы" Заңы;
6) Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдедегі №106-VIII "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңы;
7) Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 25 мамырдағы №333- VІ "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңы;
8) Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 30 маусымдағы №939 "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге пилоттық режимде еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Заңы;
9) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414- V "Еңбек Кодексі".
Талдау анықтамасы бойынша нормативтік - құқықтық актілердің нормалары арасында қайшылықтар, коллизиялар мен олқылықтар, нормалардың қайталануы, сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау және (немесе) шешім қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққы бейім нормалар (норма ақаулары) анықталмаған.
1) Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Бөлімдегі мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны - 3 бірлікті құрайды. Бөлім басшысы, екі бөлім бас маман.
Мақат ауданының ішкі саясат бөлімінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
2)Мүдделер қақтығысына байласты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.
3) Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Бөлім басшысының атына 2026 жылдың 6 айында 1 сұраныс, 3 тапсырма және 1 ұсыныс түсті. Ол зерделеніп, уақытылы жауап берілді.
Бөлімде 2026 жылдың 6 айы бойынша 84 бұйрық қабылданды. Бұйрықтарды қабылдау барысында «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі», Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі» «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптары сақталған.
Бөлім қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша және заңды тұлғалар тарапынан өтініштер түскен жоқ.
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша ескертулер болған жоқ.
Бөлімге сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сот актілері түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.
4) Қаржы–шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Бөлімнің 2026 жылға бекітілген жоспарына сәйкес 68691,0 теңге қарастырылды, игерілгені 50 %.
Қаражатты жұмсау барысында негізсіз артық көзделген немесе көрсеткіштермен сәйкес емес орналастырулар болмаған.
5) Жасырын қызметтерді анықтау. Бөлімде жасырын қызметтер анықталған жоқ.
6) Мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері – 2026 жылдың 6 айы бойынша тексеру комиссиясы тексеру жүргізген жоқ.
7) Ақпараттандыру жұмыстары. Бұқаралық ақпарат құралдарында қызметкерлердің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерелейтін материалдар жарияланған жоқ.
Бөлім аудан әкімдігінің дербес бөлімі болғандықтан азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер, әкімдік ғимаратының бірінші ғимаратында көрнекі орынға орналастырылған, бөлімде 3-02-77 сенім телефоны орнатылған.
Аудан бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» тақырыбында өткізілген кездесулер, дөңгелек үстелдер, семинарларға қатысып, бұқаралық ақпарат көздеріне мақалалар жарияланып келеді.
https://www.instagram.com/p/DJTROPSBP_d/?igsh=MW00ZjU0NnQ1MGx3bw==
https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-makat/documents/details/856525?lang=ru
https://www.instagram.com/reel/DLCIwnrB1fR/?igsh=dmd1dW5qdHZ0eW0=
https://www.instagram.com/p/DHs_y_fNYF3/?img_index=2&igsh=MTJiZW85OGhlZTh2Zg==
https://www.instagram.com/reel/DLCJU6jodFt/?igsh=ZXoyNTJxazNrOWJi
Бөлімнің мемлекеттік қызметкерлері, жыл сайын жұбайлары мен өздерінің табыстары туралы мәлімдемелерін әр жылы мерзімде тапсырған.
Бөлімнің ғимаратына сыбайлас жемқорлыққа «Мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін «Сыбайлас жемқорлық туралы қалай дұрыс хабарлау керек?», «Егер сізден пара талап ететін болса, төмендегідей әркет етіңіз» атты жадынамалар ілінді.
Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормалары сақталған.
Мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыратын тұлғалар анықталмады.
Жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірлескен қызметі фактілері анықталмады.
Мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтарды алу мақсатында ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану фактілері анықталмады.
Тұлғалардың пайдасына іс-әрекеттер ету үшін материалдық сыйақы, сыйлықтар немесе қызметтер қабылдау фактілері анықталмады.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан шетелдік банктерде шоттарды ашу, иелену, қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтау фактілері анықталмады.
Сыбайлас жемқорлық
тәуекелдеріне ішкі талдауды
анықтауға құрылған
топ жетекшісі Б.Сәлімов
Аудандық ішкі саясат
бөлімінің бас маманы
жұмыс тобының мүшесі А.Кеуелова
Аудандық ішкі саясат
бөлімінің есепші жұмыс
тобының мүшесі; А.Аманқосова