«Мақат аудандық мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша талдамалық
АНЫҚТАМА
14 шілде 2026 жыл
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының 2026 жылғы 11 маусымдағы №84 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы негізінде жүргізілді.
Талдау кезеңі: 2025 жылдың 1 маусым - 2026 жылдың 1 маусым аралығы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 14 маусым - 13 шілде аралығы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдаудың мәні:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2026 жылдың 14 маусым – 13 шілде аралығы
Талдау кезеңі: 2025 жылдың 1 маусым - 2026 жылдың 1 маусым аралығы. «Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі 36.
Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген. Бөлімде штат саны бойынша 3 мемлекеттік қызметкер, 4 азаматтық қызметшілер бар.
1) Мақат аудандық мәдениет үйі КМҚК-ында штат саны – 63, шығармашылық қызметкер – 34;
2) Доссор мәдениет үйі КМҚК-ында штат саны - 40, шығармашылық қызметкер – 16;
3) Аудандық орталық кітапхана ММ-сінде штат саны – 60, шығармашылық қызметкер – 30;
Бөлімде мүдделер қақтығысы жоқ
Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі №300 бұйрығына 1 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.
- «Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру»;
2025 жылдың 1 маусым - 2026 жылдың 1 маусым аралығы 41 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелділік анықталмады.
Бөлімнің әлеуметтік желілерінде мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттар үнемі жариялануда.
4.Рұқсат беру функцияларын іске асыру
Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінде рұқсат беру функциялары жоқ.
Көрсетілген мерзім ішінде, яғни 2025 жылдың 1 маусым - 2026 жылдың 1 маусым аралығында бөлімге жеке және заңды тұлғалардан 21 өтініш түсіп, ҚР Заңына сәйкес жауаптары мерзімінде берілді.
Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінде Қазақстан Респуликасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады.
Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.
Мекеме ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттық стендтер, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі орналыстырылған.
Бөлімге келіп түскен арыз-шағымдарды тіркейтін журнал жасақталып, сенім телефоны 3-01-39 бекітілген.
8.Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу
«Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінде «Мемлекеттік сатып алу» ҚР заңының талаптарына сәйкес 2026 жылы 24 878 312 (жиырма төрт миллион сегіз жүз жетпіс сегіз мың үш жүз он екі) мың теңгеге 14 (он төрт) келісім шарт жасақталған. Аталған қаражаттың 15 398 339 (он бес миллион үш жүз тоқсан сегіз мың үш жүз отыз тоғыз) мың теңгесі игеріліп, орындалған. Оның ішінде қызметке 11 902 879 (он бір миллион тоғыз жүз екі мың сегіз жүз жетпіс тоғыз) теңге, тауарға 3 495 460 (үш миллион төрт жүз тоқсан бес мың төрт жүз алпыс) теңге қаражат жұмсалған.
Мемлекеттік сатып алу goszakup.kz мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жүзеге асырылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары
І. Кіріспе
ІІ. Ақпараттық – талдамалық бөлім
Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілетірінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері.
ІІІ. Қорытынды бөлім
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субьектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар:
Бөлім басшысының
міндетін уақытша атқарушы А.Нургалиева