«Мақат аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2025 жыл бойынша талдамалық Анықтама

«Мақат аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің  ішкі талдауы бойынша 2025 жыл бойынша талдамалық

Анықтама

 

22.05.2026 ж.

        

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары Мақат аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының 2026 жылғы                    23 сәуірдегі № 15 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы негізінде жүргізілді. 

Талдау кезеңі: 2025 жылдың қаңтар- желтоқсан аралығы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау жүргізу кезеңі:  2025 жылдың қаңтар- желтоқсан аралығы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдаудың мәні:

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысыу;
  2. Мүдделер қақтығысын реттеу;
  3. Мемлекеттік қызмет көрсету;
  4. Рұқсат беру функцияларын іске асыру;
  5. Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
  6. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы;
  7. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзге де мәселелер.

«Мақат аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ Атырау облысы , Мақат ауданы, Мақат кенті, Қ.Сатпаев көшесі, 1 ғимараты.

Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысыу

Мақат аудандық экономика және қаржы бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген.  Бөлімде штат саны бойынша 5 мемлекеттік қызметкер, 2 азаматтық қызметшілер бар. Қазіргі уақытта бос лауазымдық орын жоқ.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу

Бөлімде мүдделер қақтығысы жоқ

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету

Мақат аудандық экономика және қаржы бөлімі Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы                     6 қарашадағы №72 «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген келесідей мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Әлеуметтiк қолдау шараларын Ауылдық елдi мекендерге келген мамандарға бюджет қаражаты есебінен көтерме жәрдемақы беру және тұрғын үй сатып алуға және салуға бюджеттік кредит беру.

Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі – ЭЦҚ) көмегімен немесе бір реттік парольмен куәландырылған otbasybank.kz/programm-bank  Баспана Маркет жылжымайтын мүлік Порталда тіркеуді жүзеге асырады

2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуге 12 өтініш түсті.  Сыбайлас жемқорлық тәуекелділік анықталмады. Бөлім тарапынан әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жөніндегі ақпараттық-үгіттеу насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында аудандық экономика және қаржы бөлімінде «Дипломмен ауылға!» стенд орналасқан, Фейсбук интернет сайтына 3 мақала және жергілікті «Мақат тынысы» газет беттеріне 1 мақала жарияланды, Мақат ауданы бойынша 2025 жылға аудандық мекемелерде, білім беру ұйымдарында электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын арттыруға арналған түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында еңбек ұжымдарымен кездесу жоспарына» сәйкес, үстіміздегі жылдың 13-18 мамыр аралығында денсаулық сақтау мен білім беру мекемелерінде үгіт насихат жұмыстары жүргізілді.         

Аудан бюджеті 21 млрд 621 млн теңге жоспарланып, орындалысы            21 млрд 434 млн теңге, немесе  99,1 пайыз құрады. Сосын ішінде:

- автомобиль жолдарының құрылысы 1 млрд 489 млн теңге, орындалысы        1 млрд 476 млн теңге;

- спорт нысандары 3 млрд 534 млн теңге, орындалысы 3 млрд 533 млн теңге;

- тұрғын үйлер  3 млрд 160 млн теңге 3 млрд 160 млн теңге.

2025 жылы www.qazyna.kz  мекен жайы бойынша Интернет желісінде орналасқан  Мемлекеттік мүлік  Тізілімнің веб-порталында  электрондық аукцион арқылы  8 дана автокөліктер сатылды.

         Бөлімнің әлеуметтік желілерінде мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттар үнемі жариялануда.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асыру

         Мақат аудандық экономика және қаржы бөлімінде рұқсат беру функциялары жоқ.

  1. Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

         Көрсетілген мерзім ішінде, яғни 2025 жылдың  бөлімге жеке және заңды тұлғалардан 5 өтініш түсті.  

  1. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы

         Мақат аудандық экономика және қаржы бөлімінде Қазақстан  Республикасы Президентінің 29.12.2015 ж. №153 Жарлығымен  бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдер туындайтын мәселелер жоқ.         

         Мекеме ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттық стендтер, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі орналыстырылған.

         Бөлімге келіп түскен арыз-шағымдарды тіркейтін журнал жасақталып, сенім телефоны 3-00-14 бекітілген.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары

 

І. Кіріспе

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы монитрингтің мәні: Мақат аудандық экономика және қаржы бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы туындайтын жағдайларды анықтау.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы монитрингі жүргізілді: «Мақат аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті, Қ.Сәтпаев көшесі 1 ғимараты, электронды пошта: makat.ekonomika@mail.kz байланыс нөмері 8/71239/3-00-14, 3-01-47.
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу кезеңі:            2025 жылдың қаңтар – желтоқсан аралығы.
  4. Бақыланатын кезең: 2025 жылдың қаңтар- желтоқсан айы аралығы.

         ІІ. Ақпараттық – талдамалық бөлім

Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілетірінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері.

 

ІІІ. Қорытынды бөлім

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субьектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қармы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар:

  1. Мемлекеттік қызмет жұмыстарын қатаң заңдылыққа сай жүргізуге;
  2. Бөлімге келіп түскен арыз-шағымдарды мерзімінде және сапалы орындау;
  3. Бөлімде Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының талаптарын сақталуын орындау.

 

 

 

Бөлім басшысы                                                                              С.Сарбалиева

 

 

 

 

 

«Мақат аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2025 жыл бойынша талдамалық Анықтама
Дата публикации
28 мая 2026