«Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

«Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 бабының 1, 5 тармақтарына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы          19 қазандағы № 12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен құрылған жауапты тұлғамен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізді:

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын бөлімше: «Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағыттар бойынша жүзеге асты:
  • Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  • Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының 2025 жылғы 28 сәуірдегі №47 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығына сәйкес құрылды.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2025 жылдың маусым-желтоқсан және 2026 жылғы қаңтар-мамыр айлары. Талдау жүргізу мерзімі: 2026 жылдың 8 маусым-8 шілде аралығы.
  3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субьектісінің лауазымды тұлғасы: Исмагамбетова Әйгерім Арыстанғалиқызы – бөлімнің сектор меңгерушісі, жауапты тұлға.

«Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты 2 ведомстволары бар:

1) «Атырау облысы Мақат ауданының мүгедектігі бар адамдар мен қарттарға  әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

2) «Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

 «Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  бірыңғай құжатайналым жүйесіне 2025 жылдың маусым-желтоқсан айында жеке тұлғадан 4 өтініш және заңды тұлғалардан әр-түрлі мәселелер 7  өтініштер тіркелді. Әкімшіліктен  жеке тұлғадан 6 және заңды тұлғалардан әр-түрлі мәселелер 6  өтініштер тіркелді.

2026 жылыдың қаңтар-мамыр айында жеке тұлғдан 5 өтініш және заңды тұлғалардан әр-түрлі мәселелер 9  өтініштер тіркелді. Әкімшіліктен  жеке тұлғадан 13 өтініш және заңды тұлғалардан өтініштер тіркелмеді.

Өтініштердің қаралу нәтижесімен барлығы қолданыстағы заңға сәйкес жауаптары берілген. 

 

  1. Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды анықтау

Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген. 

2025 жылдың қаңтар бөлімге еден жуушы штаты ашылып, оған                               1 азаматтық қызметкер қабылданды.

2025 жылдың наурыз айында архивист қызметімен айныланысатын азаматтық қызметкер бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыстан шығып, өз қызметіне орналасты.

2025 жылы бөлімде инспектор лауазымындағы қызметкерді бала күтіміне байланысты негізгі қызметкер жалақысы сақталмайтын демалысқа қалуына байланысты орнына 1 азаматтық қызметкер жұмысқа қабылданды.

2026 жылдың сәуір айында «мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің «Отбасын қолдау орталығы» КММ жаңа директоры тағайындалды.

Бөлімде штат саны бойынша 5 мемлекеттік қызметкер, 5 азаматтық қызметшілер бар. 2026 жылы бөлімде бөлімде кадр ауысымы болған жоқ.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу.

Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету

Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің м.а 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39\НҚ
бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді.

Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 16 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.

- «Тұрғын үй көмегін тағайындау»;

- «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу»;

- «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау»;

- «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру»;

- «Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту»;

- «Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етугеқұжаттарды ресімдеу»;

- «Мүгедектерді техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»;

- «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»;

- «Есту кемістігі бар мүгедектерді ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге мүгедектерге құжаттарды ресімдеу»;

- «Мүгедектерді жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»;

- «Мүгедектерді және мүгедек-балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»

- «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»;

- «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»;

- Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу;

- Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу;

- Ақталған адамға куәлік беру.

Сонымен қатар, бөлімде ҚР 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік реттеу  туралы Заңы негізінде және жергілікті өкілді органның шешімімен Мақат  ауданының елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсету жұмыстары атқарады. Алайда бұл мемлекеттік көрсетілетін қызметтер реестріне енгізілмегендіктен жасырын қызмет болып есептеледі. Бөлім негізінен мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік төлем тағайындау қызметімен айналысатындықтан   отын сатып алуға берілетін әлеуметтік көмекті сала мамандарына төлеу ұзақ мерзімді, олардың сол салады қызмет атқаратындығы жөнінде бақылауды  қажет етеді. Көрсетілетін қызметті әр салаға өздеріне беру ұсынылады. Ол үшін бюджеттік классификацияға өзгерістер енгізіп, бағдарлама әкімгерін әр сала бойынша өздеріне өзгертуге ұсыныс береді.

2025 жылдың маусым-желтоқсан айында 725 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:.

- Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 241;

- Электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 484 оның ішінде: 

-«электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны –320;

-ақпараттық жүйе арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 164.

 

2026 жылдың қаңтар-мамыр айында 788 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

- Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 101;

- Электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 687 оның ішінде: 

-«электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 270;

-ақпараттық жүйе арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 417.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асыру

Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімінде рұқсат беру функция жоқ.

 

  1. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру

Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі тікелей бақылау органы болып табылмайды.

Аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарларының тікелей тапсырмаларының, аудан әкімдігі жанындағы комиссия отырысының шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді.

 

  1. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу

 

         Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімінде 2026 жылға 801 894,0 мың теңге қаражат бөлінді. 5 айында 397 771,0 мың тңеге қаражаты игерілді. Қалғаны жыл соңына дейін игеріледі.

         Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдедегі №106-VІІІ «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы             9 қазандағы №687 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүргізіледі.

         2026 жылға:

         баға ұсыныстарын сұрау тәсілімен – 2 сатып алу, жалпы сомасы 389,7 мың теңгеге;

         бір көзден алу тәсілмен – 5, жалпы сомасы 2 895,2 мың теңге теңгеге;

         өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден – 3 сатып алу, жалпы сомасы 4 292,7 мың теңгеге;

         ашық конкурс тәсілі бойынша – 1, жалпы сомасы 283,4 мың теңгеге.

«Рейтингтік-балдық жүйені қолдану конкурсы» мемлекеттіс сатып алу бойынша – 690 564,1 мың теңгеге;

         Мемлекеттік сатып алу goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жүзеге асырылады.

         Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалатын тәртіппен және нысанда нақтыланады және бекітіледі, өзгерістер есепті кезең ішінде енгізіледі.

         Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізушілермен шарттар уақтылы жасалады. Бекітілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделмеген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жол берілмейді.

         Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде аффиллирлену, бөлімнің басшы құрамының жақын туыстарының, жұбайларының немесе жекжаттарының әлеуетті өнім берушілерін өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу фактілері анықталған жоқ.

 

  1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасау

          Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасақталған жоқ.

 

  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану

          Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі «Е-қызмет», электрондық құжат айналымы және «Е-собес», «Шетелдік жұмыс күші» ақпараттық жүйелерімен жұмыс жасайды.

 

  1. Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер

         Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімінде:

         - Әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үш жақты комиссия,

         - Арнайы комиссия,

         - Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеудің және оларға куәлік беру үшін арнайы комиссия;

         -1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр кезеңінде кемінде 6 ай жұмыс істеген адамдардың жұмыс өтілін белгілеу үшін арнайы комиссиясы бар.

         Комиссия отырыстары уақытылы өткізіліп, тиісті тұлғаларға тапсырмалар беріліп, олардың орындалыстары үнемі бақылауда болады.

         Аудан әкімдігінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынылды:

         - Барлық қызметкерлерге мүдделер қақтығысы туралы түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу.

Бөлімнің сектор меңгерушісі                                                     Ә.Исмагамбетова

 

 

«Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша талдамалық АНЫҚТАМА
Дата публикации
08 июля 2026