«Мақат аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2025 жылдың II-ші жарты жылдығы және 2026 жылдың I-ші жартыжылдығы бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

«Мақат аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша

2025 жылдың  II-ші жарты жылдығы және 2026 жылдың I-ші жартыжылдығы бойынша талдамалық

АНЫҚТАМА

 

16 шілде 2026 жыл

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары Мақат аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының 2026 жылғы  12 маусымдағы  №118 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы негізінде жүргізіледі.

Талдау кезеңі: 2025 жылдың  II-ші жарты жылдығы және 2026 жылдың I-ші жартыжылдығына.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:

22 маусым-22 шілде аралығы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың мәні:

1.Персоналды басқару, соның ішінде кадарлардың ауысуы;

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу;

3.Мемлекеттік қызмет көрсету;

4.Рұқсат беру фугкцияларын іске асыру;

5.Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру;

6.Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу;

7.Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

8.Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану;

9.Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:

23 маусым-18 шілде аралығы.

Талдау кезеңі: 2025 жылдың  II-ші жартыжылдығы және 2026 жылдың I-ші жартыжылдығына.

«Мақат аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ, Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті Қ.Сатпаев көшесі 3А ғимараты.

1.Персоналды басқару, соның ішінде кадарлардың ауысуы

Мақат аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген. Бөлімде штат саны бойынша 3 мемлекеттік қызметкер,                      12 техникалық персоналдың және келісімшарттық қызметшілер (3 инспектор,    1 геодозист, 1 статист, 1 заңгер, 1 аула сыпырушы, 1 көлік жүргізуші, 2 еден жуушы, 2 от жағушы) жұмыс жасауда. Қазіргі уақытта бос лауазымдық орын жоқ.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу

Бөлімде мүдделер қақтығысы жоқ

3.Мемлекеттік қызмет көрсету

Мақат аудандық жер қатынастары сәулет, және қала құрылысы бөлімі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2020 жылғы                    01  қазандағы  №301 бұйрығымен,  Қазақстан  Ұлттық  Экономика министрлігің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 570 бұйрығымен, Қазақстан республикасы Индустрия және инфроқұрылымдық даму Министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №168 бұйрығымен, Қазақсатан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық  даму Министрінің 2021 жылғы              29 сәуірдегі №202 бұйрығымен бекітілген келесідей мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді:

«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту, Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру, Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру, Сауда-сатықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу, Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату, үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттарды) етіп қайта бейіндеу ( функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру,Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру, Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру, Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау,қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну, Эскиздік (эскиздік жобаны) келісуден өткізу, Жер учаскесіне нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру).Мемлекеттік қызметтер e-license.kz және egov.kz веб порталдар арқылы көрсетіледі.

2025 жылдың 2-ші жарты жылдығы және 2026 жылдың 1-ші жарты жылдығы бойынша барлығы 402 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелділік анықталмады.

Оның ішінде:

Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту бойынша 130 қызмет көрсетілді;

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру бойынша                   0 қызмет көрсетілді;

Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру бойынша                 2 қызмет көрсетілді;

Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау бойынша 5 қызмет көрсетілді;

Тіреу және қоршау конструкцияларын инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертумен байланысты қолданыстағы ғимараттардағы үй жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдарды ұсыну бойынша 91 қызмет көрсетілді;

Эскиздік жобаны бекіту бойынша 103 қызмет көрсетілді;

Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру бойынша 29 қызмет көрсетіледі

         Жер учаскесін жеке меншікке бөліп төлеуге сату 41 қызмет көрсетілді:

Елді-мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру бойынша 0 қызмет көрсетілді;

Жыл басынан бері жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскесіне кезекке 0 адам тіркелген.

         Мелекеттік қызметті түсіндіру жұмыстары бойынша 2 кәсіпорынға түсіндірме жұмыстары жүргізілген.

Сонымен қатар, бөлімде 2025 жылдың 2- ші жарты жылдығында             5 комиссия отырысы және 2026 жылдың 1-ші жарты жылдығында 4 комиссия отырысы өткізіліп, барлығы 105 өтініш қаралған болатын. Оның ішінде        76 өтінішке оң қорытынды беріліп, 29 өтініш қанағаттандырусыз қалдырылды. Жер комиссия отырысында бейнежазбалар жүргізілген.

            Бөлімнің әлеуметтік желілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттар орналастырылған және бөлім тарапынан жүргізіліген жұмыстар салынып отыралды.

         4.Рұқсат беру функцияларын іске асыру

         Мақат аудандық жер қатынастары,  сәулет және қала құрылысы бөлімінде рұқсат беру функциялары жоқ.

  1. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру- жоқ.
  2. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу

         Бөлім теңгерімінде Toyota Land Cruiser маркалы  автокөлігі және мекеменің теңгеріміндегі Мақат кенті, Қаныш Сатпаев көшесі, 3А мекен жайы бойынша орналасқан аумағы 539,2 шаршы метрді құрайтын екі қатарлы ғимараты бар. Бөлімді ұстауға 2026 жылға қаржыландырылған жоспар бойынша 486 бюджеттік бағдарламасы -121 686 000,00 мың теңге қаржы бөлінген оның ішінде 486001015бағдарламасы бойынша

         111-Негізгі жалақы қоры – 12115,0 мың теңге;

         112- Қосымша ақшалай төлемдер-3756,0 мың теңге;

         113- Өтемақы төлемдері–2000,0 мың теңге ;

         116- Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары -493,0 мың теңге;

         121- Әлеуметтік салық –736,0 мың теңге;

         122- Әлеуметтік сақтандыру –581,0 мың теңге;

         123- Бөлім балансындағы  автокөліктің  міндетті сақтандыру жарналары-48,0 мың теңге; 

         124- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды төлеуге арналған шығыстардың есебі– 422,0 мың теңге; 

         131- техникалық персоналдың және келісімшарттық қызметшілердіңеңбегіне ақы төлеу-21638,0мың теңге,

         135- Техникалық персоналдың және келісімшарттық қызметшілербойынша жұмыс берушілердің жарналары –3066,0 мың теңге;

         136- техникалық персоналдың және келісімшарттық қызметшілер ел ішіндегі іссапарлары мен қызметтік жол жүрулері–336,0 мың теңге

         144- Отын, жанар – жағар май материалдарын сатып алу –650,0 мың теңге;

         149- Өзге де қорларды сатып алуға –656,0 мың теңге;

         151- Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу -3133,0 мың теңге

         152- байланыс қызметтеріне ақы төлеуге –566,0 мың теңге;

         158- Ақпараттандыру саласындағы жұмыстармен қызметтерге ақы төлеу – 1450,00 мың теңге (1С программасына-730), СКУД-720,0 мың теңге)

         159- Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу – 15602,0 мың теңге;

         Оның ішінде: Компьютерлік қызметтер- 250,0 мың теңге;Фирмалық бланкілерді жасау- 35,0 мың теңге;Жылжымайтын мүліктерді бағалау -300,0мың.теңге; Баспалық мерзімді басылымдарда жарнаманы орналастыру бойынша қызмет көрсетулер-  237,0 мың теңге;Автокөлікке техникалық қызмет көрсету және жөндеу- 505,0 мың теңге;Жерге орналастыру және жер кадастрлық жұмыстары-8105,0 мың теңге; Карта шығару- 500,0 мың теңге; Күзетші қызмет етуге- 4460,0 мың теңге; Қызмет камерасы- 150,0 мың теңге; Гинератор күту қызмет көрсету- 450,0 мың теңге; Өрт дабылына қызмет көрсету-200,0 мың теңге; Газ құбырына қызмет көрсету-60,0 мың теңге, кондиционерге техникалық қызмет көрсету- 150 мың теңге, семинар- 200 мың теңге;

         161- мемлекеттік қызметкердің ел ішіндегі іс сапарлармен қызметтік сапарлар – 1701,0 мың теңге;

         168- Бөлімдегі автокөлікке пайдаланылған жанар-жағармайдың қоршаған ортаға эмиссиялары үшін төлем- 9,0 мың .

486003015414- Машиналар, жабдықтар, өндірістік және шаруашылық мүккамал құралдарын сатып алу -500,0 мың теңге;

486115000165- Сот актілерін, атқарушылық құжаттарды орындау- 52228,0 мың теңге бөлініп, мекеменің қаржылық жоспары 6 айда орындалған қаражаты-80619,0 мың теңге жыл соңына дейін орындалатын қаражаты-41067 мың теңге.

         Мемлекеттік сатып алу goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жүзеге асырылады.

  1. Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

         Көрсетілген мерзім ішінде, яғни 2025 жылдың  II-ші жарты жылдығы және 2026 жылдың I-ші жартыжылдығында бөлімге е-өтініш ақпараттық жүйесімен аудан әкімдігі арқылы жеке және заңды тұлғалардан 49 өтініш түсіп, ҚР Заңына сәйкес жауаптары мерзімінде берілді.

 

  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану

         Бөлімде ақпараттық жүйелері «atyrau.qujat.gov.kz», «Е-Лицензия», «АРМ ЕГКН», «ҚР аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжай анықтау жөніндегі анықтама беру» бағдарламаларының байланыс жылдамдығы қалыпты жұмыс жасауда.

  1. Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер

         Мақат аудандық жер қатынастары,  сәулет және қала құрылысы бөлімінде аудандық жер комиссиясы тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Кент, ауыл шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру  арыздары Жер кодексінің 44-1-бабына сәйкес қаралады.

         Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1-бабының 2 тармағында « Жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сатып алу объект пайдалануға берілгеннен кейін жүргізіледі.» деп көрсетілген. Алайда, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2020 жылғы                    01  қазандағы  №301 бұйрығымен бекітілген 14-қосымшаға сәйкес «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» мемлекеттік қызметінің Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесінде объектіні пайдалануға қабылдау актісі көрсетілмеген.  Бұл өз кезегінде кодекс пен қағиданың арасындағы қарама-қайшылықты тудырып отыр.

         Осыған орай аталған осы арадағы қарама-қайшылықты жою ұсынылады.

         Мақат аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынылды:

  1. Мемлекеттік қызмет жұмыстарын қатаң заңдылыққа сай жүргізуге;
  2. Бөлімге келіп түскен арыз-шағымдарды мерзімінде және сапалы орындау;
  3. Бөлімде Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының талаптарын сақталуын қадағалау.
  4. Берілген ұсыныс бойынша жұмыстар жүргізілуін қамтамассыз ету.

 

Бөлімнің  бас маманы,

жауапты тұлға:                                                                               С.Кенжешева

 

 

«Мақат аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2025 жылдың II-ші жарты жылдығы және 2026 жылдың I-ші жартыжылдығы бойынша талдамалық АНЫҚТАМА
Дата публикации
20 июля 2026