«Мақат кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

«Мақат кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша талдамалық

АНЫҚТАМА

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары Мақат кенті әкімінің 2026 жылғы 24 сәуірдегі №138-ө «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкімі негізінде жүргізілді.

Талдау кезеңі: 2025 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:

04-29 мамыр аралығы.

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың мәні:

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;
  2. Мүдделер қақтығысын реттеу;
  3. Мемлекеттік қызмет көрсету;
  4. Рұқсат беру функцияларын іске асыру;
  5. Мекемеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
  6. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы;
  7. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу
  8. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер.

 

Талдау кезеңі: 2025 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығы.

«Мақат кенті әкімінің аппараты» ММ, Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті, С.Мұқашев, 36 ғимараты.

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

         Мақат кенті әкімінің аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген. Аппаратта штат бойынша мемлекеттік қызметкер саны - 11, азаматтық қызметшілер саны - 18, бос лауазымдар саны - 0

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу

Мекемеде мүдделер қақтығысы болған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету

         «Мақат кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді. 

 

 

 

2

 

         2025 жылы барлығы – 187 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде:

  1. Электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 91;
  2. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 53;
  3. «Е-лицензия» арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны–28;
  4. Көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 15;
  5. Ақпараттық жүйе арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 0;
  6. Көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 0;
  7. Рұқсат беру функцияларын іске асыру

Мақат кенті әкімінің аппаратында рұқсат беру функциялары жоқ.

  1. «Мақат кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірыңғай құжатайналым жүйесіне 2025 жылы жеке және заңды тұлғалардан әр-түрлі мәселелер бойынша 116 өтініш тіркелді.

Келіп түскен 116 өтініштің қаралғаны – 96, оның ішінде қолайлы әкімшілік акт – 78, ауыртпалық салатын әкімшілік акт – 18, құзыреттілігі бойынша басқа мекемелерге жолданғаны – 20.

Өтініштерде көтерілген мәселелердің басым көпшілігі тұрғын үй, жер, әлеуметтік көмек көрсету мәселелері.

Азаматтарды жеке қабылдау жұмысы: 

2025 жылы кент әкімі тарапынан 72 жеке тұрғын қабылданып, 51 тұрғынға заң аясында түсінік берілсе, 21 тұрғынның мәселесі оң шешілді.

  1. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы.

           «Мақат кенті әкімінің аппараты» ММ-де Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады.

  1. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу

         «Мақат кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР заңының талаптарына сәйкес 2025 жылы 761 184 000 (жеті жүз алпыс бір миллион бір жүз сексен төрт мың) теңгеге 261 келісім шарт жасақталған. Аталған қаражат толықтай игерілді. Оның ішінде 108 тауарға 13 957 000 (он үш миллион тоғыз жүз елу жеті мың) теңге қаражат жұмсалған.  

3

 

27 қызметкерге 69 693 000 (алпыс тоғыз миллион алты жүз тоқсан үш мың) теңге қаражат жұмсалған.

Мемлекеттік сатып алу goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жүзеге асырылады.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер

Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.

Мекеме ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттық стендтер, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі орналастырылған.

Келіп түскен арыз-шағымдарды тіркейтін журнал жасақталып, сенім телефоны 3-04-07 бекітілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Мақат кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша талдамалық АНЫҚТАМА
Дата публикации
31 июля 2026