«Мақат ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің
сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша талдамалық АНЫҚТАМА
Мақат к. 2026 жылғы 17 шілде
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 бабының 1, 5 тармақтарына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Мақат ауданы әкімі аппаратымен (бұдан әрі - Аппарат) құрылған жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізді:
«Мақат ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 5 құрылымдық бөлімше бар:
1) Персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімі;
2) Ұйымдастыру және бақылау бөлімі;
3) Мемлекеттік – құқықтық бөлім;
4) Жалпы бөлім;
5) Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс бөлімі.
«Мақат ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірыңғай құжатайналым жүйесіне 2025 жылы жеке және заңды тұлғалардан әр-түрлі мәселелер бойынша 1320 өтініштер тіркелді, оның ішінде арыз – 763, шағым – 16, ұсыныс – 66, басқалары (хабарлама, үн қосу, сұрау салу) - 474.
Есепті кезеңде аудан бойынша келіп түскен 1320 өтініштің қаралғаны – 1161, оның ішінде ҚР ӘРПК нормаларына сәйкес әкімшілік рәсім тәртібінде қаралғаны –557, оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібінде – 604 өтініш, құзыреттілігі бойынша басқа мекемелерге жолданғаны – 142.
2026 жылдың 6 айында жеке және заңды тұлғалардан әр-түрлі мәселелер бойынша 605 өтініштер тіркелді.
Қаралғаны – 474, оның ішінде ҚР ӘРПК нормаларына сәйкес әкімшілік рәсім тәртібінде қаралғаны –275, оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібінде – 187 өтініш, құзыреттілігі бойынша басқа мекемелерге жолданғаны – 83.
Өтініштерде көтерілетін мәселелердің басым көпшілігі тұрғын үй, жер, жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек көрсету мәселелері.
Өтініштердің қаралу нәтижесімен барлығы 275 әкімшілік акт қабылданды, оның ішінде қолайлы әкімшілік акт – 88, ауыртпалық салатын әкімшілік акт – 187.
Сонымен қатар, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің 1-ОЛ есеп мәліметіне сәйкес –8 шағым келіп түсіп, қолданыстағы заңға сәйкес жауаптары берілген.
Азаматтарды жеке қабылдау жұмысы:
2025 жылы аудан әкімімен орынбасарларымен және аппарат басшысымен, кент, окург әкімдерімен және дербес бөлім басшыларымен 184 қабылдау ұйымдастырылып, онда 456 азамат жеке қабылданды, оның ішінде аудан әкімімен 22 қабылдау, 203 азамат, аудан әкімінің орынбасарларымен 19 қабылдау, 24 азамат, аудан әкімі аппараты басшысымен 3 қабылдау, 3 азамат, кент, округ әкімдерімен 83 қабылдау, 153 азамат, дербес бөлім басшылармен 57 қабылдау өткізіліп, 72 азамат қабылданып, 229 азаматқа заңға сәйкес түсінік беріліп, 37 азаматтың мәселесі оң шешілді.
2025 жылдың қаңтар–желтоқсан айлары аралығында аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізді. Аталған кезеңде аудан әкімі 204 тұрғынды жеке қабылдады.
Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан көтерілген әлеуметтік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жер қатынастары, жұмыспен қамту және өзге де бағыттар бойынша мәселелер қаралды. Әрбір өтініш пен ұсыныс бойынша жауапты мекеме басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.
Қабылдауда болған 204 тұрғынның мәселелерін қарау нәтижесінде:
2026 жылдың 6 айында аудан әкімімен орынбасарларымен және аппарат басшысымен, кент, окург әкімдерімен және дербес бөлім басшыларымен 143 қабылдау ұйымдастырылып, онда 184 азамат жеке қабылданды, оның ішінде аудан әкімімен орынбасарларымен және аппарат басшысымен 27 қабылдау, 59 азамат, кент, округ әкімдерімен 87 қабылдау, 96 азамат, басқа деңгейдегі басшылармен 29 қабылдау өткізіліп, 29 азамат қабылданып, 162 азаматқа заңға сәйкес түсінік беріліп, 22 азаматтың мәселесі оң шешілді.
Кадрлық тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі.
Бос лауазымдарға конкурстар әкімшілік мемлекеттік бос орындарына конкурс өткізу Ережелері қатаң сақтала отырып жүргізіледі. Лауазымдарға үміткерлерді комиссия мүшелері әділ бекітеді, бөлім басшылығы тарапынан немесе басқа тұлғалардың араласуына және қысым жасауына жол жіберілмейді.
«Мақат ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Мақат ауданы әкімдігіне қарасты бос тұрған әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасу, оларды конкурстық ережеге сәйкес іріктеу, еңбек өтілін белгілеу, тәртіптік жауапкершілігін қарау жөніндегі комиссиялардың жұмыстарын ұйымдастырады.
2026 жылғы жағдай бойынша Мақат ауданы бойынша штат бірлігі – 72.
Оның ішінде:
1) «Мақат ауданы әкімінің аппараты» ММ-де штат саны – 16, мемлекеттік қызметшілердің нақты саны – 16, бос лауазымдар саны -0;
2) «Мақат кенті әкімінің аппараты» ММ-де штат саны – 11, мемлекеттік қызметшілердің нақты саны – 10, бос лауазымдар саны -1;
3) «Доссор кенті әкімінің аппараты» ММ-де штат саны – 11, мемлекеттік қызметшілердің нақты саны – 10, бос лауазымдар саны -1;
4) «Бәйгетөбе ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-де штат саны – 5, мемлекеттік қызметшілердің нақты саны – 4, бос лауазымдар саны -1;
5) «Аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ-де штат саны – 3, мемлекеттік қызметшілердің нақты саны – 2, бос лауазымдар саны -1;
6) «Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-де штат саны – 3, мемлекеттік қызметшілердің нақты саны – 3, бос лауазымдар саны -0;
7) «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де штат саны – 5, мемлекеттік қызметшілердің нақты саны – 5, бос лауазымдар саны -0;
8) «Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-де штат саны – 3, мемлекеттік қызметшілердің нақты саны – 3, бос лауазымдар саны -0;
9) «Аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ-де штат саны – 5, мемлекеттік қызметшілердің нақты саны – 5, бос лауазымдар саны -0;
10) «Аудандық тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-де штат саны – 4, мемлекеттік қызметшілердің нақты саны – 4, бос лауазымдар саны -0;
11) «Аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-де штат саны – 3, мемлекеттік қызметшілердің нақты саны – 3, бос лауазымдар саны -0;
12) «Аудандық құрылыс бөлімі» ММ-де штат саны – 3, мемлекеттік қызметшілердің нақты саны – 3, бос лауазымдар саны -0.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді жұмысқа қабылдау «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 08 желтоқсандағы № 196 бұйрығына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.
2026 жылғы жартыжылдығы жағдайы бойынша жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметшілер -14.
2026 жылғы жартыжылдығы жағдайы бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілер -19.
2026 жылғы жартыжылдығы жағдайы бойынша мемлекеттік органның ішінде жоғары лауазымға ауысқан мемлекеттік қызметшілер - 3.
2026 жылғы жартыжылдығы жағдай бойынша конкурс бойынша тағайындалған мемлекеттік қызметшілер-11.
Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.
Аудан әкімдігінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің үнемі біліктіліктері артырылып отырады. 2024 жылы біліктілігін арттыру семинарларынан 14 қызметші өткен, тағылымдамадан 10 қызметші өткен.
Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің м.а 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39\НҚ
бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді.
2025 жылдың 12 айы бойынша жергілікті атқарушы органдармен барлығы көрсетілген –2775 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде:
- Көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 97;
- «Электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 16;
- Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 605;
- Электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 2057 оның ішінде:
-«электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 970;
-ақпараттық жүйе арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 261;
- «Е-лицензия» арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 826.
Мақат ауданы бойынша электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын арттыру бойынша 2025 жылдың 12 айында аудандық Мақат тынысы газетіне 15 мақала жарияланып, 10 жиналыс, 5 әлеуметтік желіде ақпараттар, 7 онлайн түсіндірме, 11 тікелей эфир өткізілді.
Мақат, Доссор кенттері мен Бәйгетөбе ауылдық округі әкімдігінде өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы тұрғындарға электронды түрде 21815 Мақат кенті (қызмет – 11432, ЭЦҚ – 3472), Доссор кенті (қызмет–5843, ЭЦҚ – 1043),Бәйгетөбе ауылдық округі (қызмет- 12, ЭЦҚ-13) қызметтер көрсетілді.
2026 жылдың 1 тоқсаны бойынша жергілікті атқарушы органдармен барлығы көрсетілген –786 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде:
- Көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 22;
- «Электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 6;
- Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 63;
- Электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 695 оның ішінде:
-«электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 208;
-ақпараттық жүйе арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 354;
- «Е-лицензия» арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 133.
Мақат, Доссор кенттері мен Бәйгетөбе ауылдық округі әкімдігінде өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы тұрғындарға электронды түрде 3686 Мақат кенті (қызмет – 2327, ЭЦҚ – 469), Доссор кенті (қызмет–626, ЭЦҚ – 255),Бәйгетөбе ауылдық округі (қызмет- 6, ЭЦҚ-3) қызметтер көрсетілді.
Мемлекеттік орган ғимараттарында ашылған өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары қажетті құрал-жабдықтармен (компьютер, принтер, сканер, интернет желісі) толықтай қамтамасыз етілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырудағы маңызды бағыттардың бірі - халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Жалпы аудан бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасының мәселелеріне қатысты 12 шара ұйымдастырылды, соның ішінде 5 түсіндіру жұмыстары, бұқаралық ақпарат құралдарында 7 мақала жарияланды.
Инстаграм әлеуметтік желісі арқылы 3 мемлекеттік қызмет көрсету онлайн жәрмеңкесі өткізіліп, жәрмеңкеде тұрғындарға барлық көрсетілетін қызмет заңдылықтары кеңінен түсіндіріліп, қызметтерді электронды түрде алу туралы кеңестер беріліп, жадынамалар таратылды және ЭҮП бойынша бейнероликтер көрсетілді.Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында мемлекеттік қызмет түрлерін көрсететін мемлекеттік органдардың ғимараттары ақпараттық стендтермен жабдықталған және де мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсету жағдайы қарастырылған.
Аудан әкімі аппаратында бұл функция жоқ.
Мақат ауданы әкімінің аппараты тікелей бақылау органы болып табылмайды.
Аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарларының тікелей тапсырмаларының, аудан әкімдігі жанындағы комиссия отырысының шешімдерінің орындалуын бақылауда ұстайды.
«Мақат ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР заңының талаптарына сәйкес 2025 жылы 312 596 000 (үш жүз он екі миллион бес жүз тоқсан алты мың) теңгеге 250 (екі жүз елу) келісім шарт жасақталған. Аталған қаражат толықтай игеріліп, орындалған.
2026 жылдың 6 айында 182 408 000 (бір жүз сексен екі миллион төрт жүз сегіз мың) теңгеге 146 (бір жүз қырық алты) келісім шарт жасақталған. Аталған қаражат толықтай игеріліп, орындалған.
Мемлекеттік сатып алу goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жүзеге асырылады.
Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасақталған жоқ.
Аудан әкімі аппараты «Е-қызмет», МОИП, «Е-лицензия», электрондық құжат айналымы ақпараттыық жүйелерімен жұмыс жасайды. Аталған ақпараттық жүйелердің қалтықсыз жұмыс жасауы бойынша жауапты мамандар бекітілген.
Аудан әкімі аппаратында:
- аудан әкімдігі жанындағы құқықбұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия,
- қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия,
- аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия;
- Мақат ауданында мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штаб;
- Аудандық терроризмге қарсы комиссиясы;
- Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жөніндегі аудандық комиссия;
- Эвакуациялық шараларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі аудандық эвакуациялық комиссия;
- Тәртіптік комиссия;
- наградалар комиссиясы бар.
Комиссия отырыстары уақытылы өткізіліп, тиісті тұлғаларға тапсырмалар беріліп, олардың орындалыстары үнемі бақылауда болады.
Аудан әкімінің және әкімдігінің қолданыстағы 24 (жиырма төрт) нормативтік құқықтық актісі бар. Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізіліп, әділет Департаментіне нәтижелері туралы ақпарат жолданып отыр. Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркелуге (IPGO) мемлекеттік органдардың интранет-порталы арқылы жолданады.
Аппараттың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерге сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.
Аудан әкімдігінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынылды:
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының талаптарын қатаң сақтау;
Барлық қызметкерлерге мүдделер қақтығысы туралы түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу;
Электронды мемлекеттік қызметтер үлесін арттыру.
Аппарат басшысы Т.Аманжанов
КЕЛІСІЛДІ:
Ұйымдастыру және бақылау
бөлімінің басшысы,
жұмыс тобының мүшесі О.Хайруллин
Мемлекеттік-құқықтық бөлімнің
басшысы, жұмыс тобының
мүшесі А.Сагиндикова
Жалпы бөлімнің бас маманы Ж.Саркулова
жалпы бөлімінің бас маман-есепшісі,
жұмыс тобының мүшесі С.Сарбалина
персоналды басқару (кадр қызметі)
бөлімінің бас маманы А.Серікқали
СОГЛАСОВАНО:
Руководитель
организационно-контрольного
отдела, член рабочей группы Хайруллин О.
Руководитель государственно
правового отдела , член рабочей группы Сагиндикова А.
Главный специалист общего отдела Саркулова Ж.
Главный специалист-бухгалтер
Общего отдела Сарбалина С.
Главный специалист отдела управление
персоналом (кадровой службы),
член рабочей группы Серікқали А.