Аудан әкімі А.Мәмбетовтің Бәйгетөбе ауылдық округінің тұрғындарымен көшпелі кездесу барысында түскен ұсыныстар мен пікірлерді іске асыру жөніндегі ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

 

                                                                                                                             «БЕКІТЕМІН»

    Мақат ауданының әкімі

____________ А.С.Мамбетов

«____ »____________ 2026 жыл

 

Аудан әкімі А.Мәмбетовтің Бәйгетөбе ауылдық округінің тұрғындарымен

көшпелі кездесу барысында түскен ұсыныстар мен пікірлерді іске асыру жөніндегі

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

 

№

Көтерілген мәселенің атауы

Орындау

 мерзімі

Жауаптылар

1.    

Бәйгетөбе ауылдық округіндегі көше жарығы құрылысы жұмыстарын қатаң бақылауға алсын

Үнемі

Аудан әкімінің орынбасары Б.Әбуов, Бәйгетөбе ауылдық округінің әкімі, аудандық құрылыс бөлімі

2.    

Бәйгетөбе ауылына қажетті әлеуметтік нысандарды (балабақша, мектеп, мәдениет үйі және басқа да әлеуметтік инфрақұрылым объектілері) салу бойынша зерделеп,
тиісті ұсыныстар енгізсін

01.08.2026 жыл

Аудан әкімінің орынбасары Б.Әбуов, Аудан әкімінің орынбасары Ә.Қаржауова, Бәйгетөбе ауылдық округінің әкімі, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, аудандық құрылыс бөлімі

3.    

Бәйгетөбе ауылына кіреберіс автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесін қарастырсын

01.11.2026 ж

4.    

Бәйгетөбе ауылының ішкі көшелеріне жаяу жүргіншілер жолын салу мәселесін қарастырсын

01.11.2026 ж

5.    

Бәйгетөбе ауылы ішіндегі қоғамдық көліктердің жүру бағыттарын қайта қарастыру мәселесін пысықтасын

15.07.2026 жыл

6.    

Бәйгетөбе ауылындағы ескі, бос тұрған барак үлгісіндегі тұрғын үйлерді бұзу мәселесін қарастырсын

Жыл ішінде

 

Аудан әкімі А.Мәмбетовтің Бәйгетөбе ауылдық округінің тұрғындарымен көшпелі кездесу барысында түскен ұсыныстар мен пікірлерді іске асыру жөніндегі ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
Дата публикации
30 июня 2026