Бірнеше жыл бұрын мен БЖЗҚ-ның жеке кабинетіне тіркелетінмін, бірақ біраз уақыттан кейін паролімді ұмытып, содан кейін телефонымды жоғалтып, бұрынғы нөмірімді қалпына келтіре алмадым, енді қалай кіріп, үзінді көшірмені онлайн алуға болады?

Бірнеше жыл бұрын мен БЖЗҚ-ның ресми сайтындағы Жеке кабинетке тіркелдім. Бірақ біраз уақыттан кейін паролін ұмытып қалдым. Кейінірек телефонымды жоғалтып алып, бұрынғы нөмірімді қайта қалпына келтірмедім. Енді маған Жеке кабинетке кіріп, үзінді көшірмені онлайн режимде қалай алуға болады?

 

         Жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені Сіз ұялы қосымшадан, БЖЗҚ және электрондық үкімет сайттарынан көре аласыз. Ол үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамынан алуға болатын электрондық цифрлық қолтаңбаның өзекті кілтін пайдалануға болады.

Бұдан басқа, БЖЗҚ автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тіркелген жекелеген деректемелерді (электрондық мекенжай, ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының телефон нөмірі) сіз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып немесе БЖЗҚ кеңселерінің біріне жүгіну арқылы өзектендіре аласыз.

 

Бірнеше жыл бұрын мен БЖЗҚ-ның ресми сайтындағы Жеке кабинетке тіркелдім. Бірақ біраз уақыттан кейін паролін ұмытып қалдым. Кейінірек телефонымды жоғалтып алып, бұрынғы нөмірімді қайта қалпына келтірмедім. Енді маған Жеке кабинетке кіріп, үзінді көшірмені онлайн режимде қалай алуға болады?
Дата публикации
14 декабря 2020