GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Әкім аппараты
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Онлайн қабылдау
Әкім аппараты
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған әлеуметтік жобалар
Все материалы
15 сентября 2026
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫ БОЙЫНША «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТТІ

Махамбет аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімімен тұрғындарға мемлекеттік қызметтер мен қолдау шаралары туралы жан-жақты ақпарат беру мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді.

Іс-шара барысында ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары, субсидиялау бағыттары, ауыл шаруашылығы техникасын тіркеу және есепке алу, сондай-ақ сала бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесуге қатысқан тұрғындар өздерін қызықтырған мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, сала мамандарынан нақты әрі толық жауаптар алды.
Мұндай іс-шаралардың негізгі мақсаты – тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіру, қолдау шаралары туралы ақпараттандыру және халықпен тікелей байланысты нығайту.

02 сентября 2026
ЗҰЛҚАШЕВТАР ОТБАСЫ – «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ-2026» БАЙҚАУЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫН ИЕГЕРІ
Атырау облысында отбасының қоғамдағы рөлін арттыруға бағытталған «Мерейлі отбасы-2026» ұлттық конкурсының облыстық кезеңі қорытындыланды.
 
Биыл өңірлік байқауға Атырау қаласы мен ауданнан барлығы 62 отбасы қатысып, өздерінің өнегелі өмір жолын, отбасылық құндылықтарын және қоғамдық белсенділігін таныстырды.
Қуанышты жаңалық – облыстық кезеңнің БІРІНШІ ОРНЫН Махамбет ауданынан қатысқан Зұлқашевтар әулеті иеленді.
 
Зұлқашевтар отбасы – Махамбет ауылындағы өнегелі әулеттердің бірі. 1989 жылы Шәудір Зұлқашев пен Света Мырзағалиева шаңырақ көтеріп, бүгінде үш ұл тәрбиелеп өсіріп, 11 немере сүйіп отырған берекелі отбасы.
Талай жылды бірге еңсеріп, ұрпақ тәрбиесіне үлгі болып келе жатқан Зұлқашевтар әулеті – сыйластық пен сүйіспеншілікті, үлкенге құрмет пен кішіге ізетті берік ұстанған отбасының жарқын үлгісі.
 
Зұлқашевтар әулетін «Мерейлі отбасы-2026» ұлттық конкурсының облыстық кезеңіндегі жеңісімен құттықтаймыз! Шаңырақтарыңызға шаттық, дендеріңізге саулық, ұрпақтарыңызға амандық тілейміз!
02 сентября 2026
МАХАМБЕТ АУДАНЫМЕН «АҚЖАЙЫҚ» МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ РЕЗЕРВАТЫНЫҢ ШЕКАРАЛАС АУМАҚТАРЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ
Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаев бастаған делегация «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватына арнайы жұмыс сапарымен барды.
 
Мекеме директоры Жанаділ Мұратуллин резерваттың қызметімен таныстырып, картографиялық материалдар негізінде Махамбет ауданымен резерватқа шекаралас аумақтардың орналасуын көрсетті.
 
Негізгі назар шекаралас аумақтардағы шөп шабу жұмыстарының жағдайын зерделеуге, жер учаскелерінің нақты орналасуына, аумаққа мониторинг жүргізу мәселелеріне аударылды.
«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты 2009 жылы 6 қарашада Қазақстан Үкіметінің қаулысымен құрылып, 2014 жылы ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттарының Дүниежүзілік жүйесіне кірген.
02 сентября 2026
«ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖАСТАР ЕҢБЕК ЖАСАҒЫНЫҢ ЖАЗҒЫ ЕҢБЕК МАУСЫМЫНЫҢ ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ
Ауданда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының жазғы еңбек маусымының жабылу салтанаты өтті.
 
Орталық алаңда ұйымдастырылған шараға ауданның белсенді жастары, "Жасыл Ел"еңбек жасақтарының мүшелері мен аудан тұрғындары қатысты.
 
Жазғы еңбек маусымы барысында жастар абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстарына белсене атсалысып, туған өлкенің көркеюіне өз үлестерін қосты.
Шара барысында ауданның қоғамдық өміріне белсенді араласып, еңбек маусымында жоғары белсенділік танытқан жастарға аудан әкімінің Алғыс хаттары табысталды. Алғыс хаттарды аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Гүлфайруз Төлегенова салтанатты түрде табыстады.
 
Кеш барысында жастарға арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, өнерпаздар әннен шашу шашты.
02 сентября 2026
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында мемлекеттік қызметті дамыту және жетілдіру мәселелеріне арналған кездесу өтті.
 
Кездесуге аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев төрағалық етті. Жиынға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысының міндетін атқарушы Айнұр Енсегенова, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалының директоры Еркебұлан Ғабдығапаров, Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Айнагүл Қақиева қатысты.
 
Кездесудің негізгі мақсаты – «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңға енгізілген жаңашылдықтарды түсіндіру, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әлеуетін арттыру, сондай-ақ жоғары оқу орындарының үздік түлектерін мемлекеттік қызметке тарту мәселелерін талқылау.
 
Сонымен қатар аудандық және ауылдық деңгейдегі мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға білікті жас мамандарды тарту, олардың кәсіби дамуына жағдай жасау бағыттары сөз болды.
Жиын барысында мемлекеттік қызмет саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, мекеме басшылары өздерінің ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметті одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар ұсыныстар айтылып, тиісті жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу қажеттігі атап өтілді.
02 сентября 2026
АУДАНДА 524 БҮЛДІРШІН АЛҒАШ РЕТ МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАДЫ
Махамбет ауданындағы барлық білім беру ұйымдарында 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиындар өтіп, жаңа 2026–2027 оқу жылына қадам басылды.
 
Аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев Оңай Шонаев атындағы орта мектепте өткен «Алғашқы қоңырау» салтанатты шарасына қатысып, ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.
 
-Сіздерге жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі жауапты еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін. Әр шәкірттің жетістігі – сіздердің еңбектеріңіздің жемісі. Білімге ұмтылыңыздар, ізденуден жалықпаңыздар. Еліміздің болашағы – сіздердің қолдарыңызда. Армандарыңыз асқақ, мақсаттарыңыз айқын болсын! – деді аудан әкімі.
 
Жаңа оқу жылында аудан бойынша 524 бүлдіршін бірінші сыныпқа қабылданып, білім жолындағы алғашқы қадамын жасады.
Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін бұл күн – ерекше толқыныс пен қуанышқа толы сәт.
 
Салтанатты жиында алғашқы ұстаздарына жолығып, мектеп өміріне қадам басқан жас өрендерге ақжолтай тілектер айтылып, білім әлеміне бастар алғашқы қоңырау үні күмбірледі.
Барша білім саласының қызметкерлерін, ата-аналар мен оқушыларды 1 қыркүйек – Білім күнімен құттықтаймыз!
 
Жаңа оқу жылы шығармашылық ізденіске, жаңа мүмкіндіктер мен толағай жетістіктерге толы болсын!
Барша ұстаздарға зор денсаулық, отбасылық амандық, ал оқушыларға сапалы білім, биік мақсат және жарқын жеңістер тілейміз!
31 августа 2026
АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ
Қазақстан Республикасы Президентінің №1295 Жарлығына сәйкес көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.
 
Салтанатты жиында аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев марапаттарды табыстап, аналарды мерейлі марапаттарымен құттықтады.
 
«Сіздер – ұлттың ұйытқысы, отбасының берекесі, ел болашағын тәрбиелеп отырған ардақты аналарсыздар. Бүгінгі марапат – өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі ерен еңбектеріңізге берілген жоғары баға. Аналық мейірімдеріңіз әр шаңыраққа жылулық сыйлап, қоғамымыздың дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді. Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке және перзенттеріңіздің қызығын көруді тілеймін», – деп ізгі тілегін жеткізді.
 
Ардақты аналарды лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Отбасыларыңызға бақ-береке, шаңырақтарыңызға шаттық, ұрпақтарыңыздың қызығын көріп, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз!
14 июля 2026
«Махамбет аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ мемлекеттік мекемесі cыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелеріне жария талқылау 2026 жылдың «21» шілде күні басталатындығын хабарлайды.

ХАБАРЛАНДЫРУ

           «Махамбет аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ мемлекеттік мекемесі cыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелеріне жария талқылау 2026 жылдың «21» шілде  күні басталатындығын хабарлайды.

Ұсыныс-пікірлеріңіз болған жағдайда 8(71236)2-16-16 телефонына қоңырау шалуға немесе g/tolegenova@atyrau.gov.kz эл.поштасына жолдауға болады.

 

10 июля 2026
«Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді.

Ішкі талдау бойынша анонс

«Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді.

«Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2026 жылғы 24 шілдеден  бастап  сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуді жоспарлап отыр. Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдауға қатыса алады. Қатысу үшін мүдделі тұлғалар «Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ -не 8(71236)2-18-45 телефон нөмірі бойынша жүгіне алады.

02 июля 2026
«Махамбет ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі cыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелеріне жария талқылау 2026 жылдың «8» маусым күні басталатындығын хабарлайды.

 

ХАБАРЛАНДЫРУ

           «Махамбет ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі cыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелеріне жария талқылау 2026 жылдың «8» маусым күні басталатындығын хабарлайды.

Ұсыныс-пікірлеріңіз болған жағдайда 8(71236)2-10-60 телефонына қоңырау шалуға немесе a_shaimurzina@atyrau.gov.kzэл.поштасына жолдауға болады.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы