2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Махамбет аудандық мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясының баспа-релизі
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Парламент Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес 2023 жылдың 18 ақпаны, сағат 18.00-де кандидаттарды тіркеу аяқталды.
Махамбет ауданы бойынша барлығы 33 кандидат ұсынылды, оның ішінде 33 кандидат (100%) тіркелді.
17 кандидат (51,6%) өзін-өзі ұсыну тәртібімен, 16 кандидат (48,4%) саяси партиялармен («AMANAT»-11, «Ауыл»-2,«Ақ жол»-2, ҚХП-1) ұсынылды.
Тіркелген кандидаттардың 27-і (81,8%) ерлер, 6-ы (18,2%) әйелдер.
Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес кандидаттарды тіркеу туралы мәліметтер БАҚ-та жарияланды және сайлау комиссиясының интернет ресурсында орналастырылды.
Барлық іс-шаралар сайлау туралы Конституциялық заңға және Күнтізбелік жоспарға сәйкес өтуде.
Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
тел. 8(71236) 5-61-02
интернет-сайт: makhambet.gov.kz
tic_atr_mkh@saylau.kz