Махамбет аудандық әкімдігінің
20___ жылғы «___»__________
№ ____ қаулысымен бекітілген
«Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1) Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің мемлекеттік мекемесінің «Өнерпаз аудандық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
2) «Махамбет аудандық орталық кітапхана» мемлекеттік мекемесі;
Егер мекеме заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Махамбет ауданы бойынша біріңғай мемлекеттік саясатты жүргізу, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру, спортты және туризмді реттеу саласындағы басшылықты жүзеге асыру.
1) мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан, басқа да ұйымдар және азаматтардан белгіленген тәртіппен ақпарат сұрауға, мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың қызметкерлерін мәселелер дайындауға қатыстыруға, белгілі бір ұсыныстарды дайындау үшін уақытша жұмысшы тобын құруға;
2) тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру, спорт және туризм саласындағы қызметін нәтижелі атқаруға тапсырма беруге, сондай-ақ атқарушы органдардың өткізетін шараларына қатынасуға;
3) өз өкілеттілігі шеңберінде тиісті мәселелер бойынша органдар мен ұйымдар өкілдерінің жұмысын аудан әкімінің алқа мәжілісіне ұсынуға және оның орындалысы туралы аудан әкіміне хабарлама беруге;
4) жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардан, оларға қарасты кәсіпорындардан бөлімге жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға қажетті ақпараттық - анықтамалық материалдар беруді талап етуге және алуға;
5) ведомстволардағы коммуналдық заңды тұлғаның жылдық қаржылық есептілігін бекітуге;
6) ведомстволардағы коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландыру жоспарларын бекітуге;
7) ведомстволардағы мемлекеттік органға қарасты тиісті саланың коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген мүлкін есептен шығаруға келісуді жүзеге асыруға;
8) тиісті саладағы мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыруға, өз құзыреті шегінде тиісті салада мемлекеттік мүлікті әділет басқармасына басқару аясындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді, бекітуге;
9) мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру, спорт және туризм жүйесін дамыту мәселесі бойынша жоба әзірлеп, оны белгіленген тәртіппен жоғарғы органдарға ұсынуға;
10) мемлекеттік органдардан өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан өз құзыреті шеңберінде қажетті ақпараттар сұрауға және алуға құқылы.
1) мәдениет саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
2) ауданда мемлекеттің тіл саясатын жүзеге асыру;
3) дене шынықтыру тәрбиесі мен спортты дамыту жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға;
5) қызметтің қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленген жалпы мемлекеттік стандарттарды сақтауға міндетті;
6) осы Ережеде, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде айқындалған өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмысты тиісті деңгейде жүргізу;
2) аудандағы мәдениет үйлері мен кітапханалар жұмысына басшылық жасайды, дене тәрбиесі мен спортты және туризмді дамыту жөніндегі ауданның әртүрлі ұйымдарының қызметін үйлестіреді;
3) театр, музыка және кино өнері, кітапхана және мұражай ісі, мәдени-демалыс, спорттық қызмет саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, сондай-ақ олардың қызметін қолдауды және үйлестіруді жүзеге асырады;
4) жергілікті маңызы бар тарихи, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
5) ауданның спорттық, сауықтық мәдени - бұқаралық іс - шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;
6) спорттық шараларға қатысушылардың материалдық қамтылуы үшін шығындар мөлшерін бекітеді;
7) Халықаралық, республикалық, облыстық ауданаралық және аудандық шараларды, спорттық жарыстар мен турнирлерді өткізеді, олар үшін қаржы бөлуді ұйымдастырады;
8) Халықаралық жарыстар мен турнирлерге, Қазақстан Республикасы мен Тәуелсіз мемлекеттер достастығы және де басқа дәрежедегі чемпионаттарға аудан құрама командасын дайындауды, қатынастыруды қамтамасыз етеді;
9) ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;
10) 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 2-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 3-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын тағайындайды;
11) өз құзыреті шегінде мәдениет және спорт саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;
12) ауданның мәдени - спорттық мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы бола алады;
13) мемлекеттік мәдениет және спорт ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді;
14) мемлекеттік және басқа тілдерді дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегі іс-шараларды жүргізеді;
15) кадрларды даярлау, қайта даярлау және кәсіби шеберлігін көтеру, әдіскерлік жағынан қамту, конференциялар мен семинарлар, басқа да оқу мен мамандардың тәжірибе алмастыруларының бағдарламаларын бекітіп, үйлестіреді, спорттық жарыстар мен жиындар өткізу ережелерін бекітеді, тиісті құжаттарын дайындайды;
16) облыстардың атқарушы органдарына ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;
17) бұқаралық спортпен айналысуға арналған спорттық жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
18) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
19) ауданда туризм саласының дамуы бойынша жұмыстарды жүргізу;
20) аудан аумағында туристік ресурстарды қорғау, туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі ұсыныстар енгізу;
21) аудандағы туристік маршруттар мен соқпақтардың тізілімін жүрзізу;
22) маңдайшаны ауылда, кентте орналастыру туралы хабарламаларды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асыру;
23) әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазаларды қолдану.
3-тарау. Мемлекеттік органның басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
1) мекеме атынан сенім хатсыз әрекет етеді;
2) барлық органдарда мекеме мүддесін ұсынады;
3) мекеме мүлкіне иелік етеді, келісім - шарттар жасайды, сенім хаттар береді;
4) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;
5) қызметкерлерді марапаттау шараларын қабылдайды және тәртіптік шаралар қолданады.
6) заңдылықтарға сай ведомстволық мекемелердің, ауылдық мәдениет үйлерінің, клубтың басшыларын лауазымға тағайындайды және босатады.
7) Мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
5-тарау. Мемлекеттік органның жұмыс тәртібі
6-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату