Махамбет ауданы Махамбет ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытынды хабары

Махамбет ауданы Махамбет ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытынды хабары

2026 жылғы 1 наурызда Махамбет ауданы Махамбет ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

          Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабы  9) тармақшасы, 44-бабы, 113-10-бабына сәйкес, Махамбет ауданы Махамбет ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау нәтижесін белгіледі:    

          Дауысқа түскен кандидаттардың жалпы саны - 3, сайлаушылар тізіміне 7 606 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны – 3 948. Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылардың саны – 53. «Бәріне қарсымын» белгісіне белгі салғандар саны - 89.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

А.А.Аскаровқа

  1 253

Б.Ж.Мухамбеткалиевке

  1 632

  С.Р.Танатароваға

  950

Махамбет ауылдық округінің әкімі болып өзін-өзі ұсынған кандидат Мухамбеткалиев Бакытбек Жалгабаевич, 1984 жылы туған, «Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ директоры, Атырау облысы Махамбет ауданы Махамбет ауылдық округі Махамбет ауылының тұрғыны сайланды.

 

 

Махамбет  аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
03 марта 2026