«Стационарлық емес сауда объектілерін орындарын айқындау және бекіту туралы» Махамбет ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 22 мамырдағы №109 қаулысының күші жойылды деп тану туралы қаулы жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
№ Түсіндірме жазбада көрсетілілуі тиіс мәліметтердің тізбесі Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты
1. Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы «Махамбет аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ
2. Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес
3. Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі) Жоқ
4. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы Жоқ
5. Әлеуетті стейкхолдерлер (мемлекет, бизнес-қоғам, халық, өзге санаттар) үшін мүмкін салдарды егжей – тегжейлі сипаттайтын нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері. «Стационарлық емес сауда объектілерін орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысының күшін жою мақсатында
Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6. Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы. Жоқ
7. Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі. Жоқ
8. Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері. Жоқ
Аудан әкімінің орынбасары А.Аймұратов