Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен 2025 жылға мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат
Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен 2025 жылға мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат
Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 14 мемлекеттік қызмет түрі бойынша қызмет көрсетеді. 2025 жылы 2554 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде: мемлекеттік корпорация арқылы 312 қызмет, ақпараттық жүйе арқылы-1713 қызмет, «Электрондық үкімет» порталы арқылы 529 қызмет көрсетіліп, цифрлық қызметтердің үлесі 88 пайызды құрады.
Бөлімнің ғимаратында мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің қағидалары бойынша стендт, қызмет алушылардың шағымдары мен пікірлеріне арналған жәшік орналастырылып, «Өзіне – өзі қызмет көрсету бұрыштары» қызмет көрсетуде. Өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары арқылы жыл басынан бері 500 тұрғынға қызмет көрсетілді.
2025 жылдың қорытындысы бойынша мерзімінен кешіктірілген мемлекеттік қызмет болған жоқ, шағымдар мен пікірлер түскен жоқ.
Электронды түрде көрсетілетін қызметтердің санын арттыру және оған қолжетімділікті қамтамасыз ету, халықтың мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы хабардарлығын одан әрі жоғарылату, құқықтық сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу басты назарда қала бермек.