Сіздердің назарларыңызға Атырау облысы Махамбет ауданының 2026-2028 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті ұсынылып отыр, онда аудандық бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оны қалыптастыру параметрлері және бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы ақпарат қамтылған.
Аталған құжатқа мынандай бөлімдер енгізілген:
• Ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері;
• Бюджет түсімдері мен шығыстары;
• Бюджет тапшылығы (профициті).
Азаматтық бюджет Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 21 мамырдағы №244 бұйрығымен бекітілген бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару сатысында азаматтық бюджетті жасау және ұсыну қағидаларына сәйкес әзірленген 2025 жылғы 22 желтоқсандағы №248 шешімімен бекітілген.