Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
кандидаттарды тіркеу туралы
ХАБАРЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабы 9-тармағына сәйкес, Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Махамбет ауданы Махамбет ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркегендігі туралы хабарлайды:
Мухамбеткалиев Бакытбек Жалгабаевич 1984 жылы туған, директор, «Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Махамбет ауданы Махамбет ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясының мүшесі, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Танатарова Салтанат Рахметжанқызы 1981 жылы туған, бөлім басшысының орынбасары, «Махамбет аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Махамбет ауданы, Махамбет ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Аскаров Алтынбек Амангелдиевич 1990 жылы туған, директор, «Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Махамбет орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Махамбет ауданы, Сарытоғай ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы