Махамбет ауданы Махамбет ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Махамбет ауданы Махамбет ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

 

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабының 1-тармағы 2) тармақшасына  және 3-тармағына сәйкес Махамбет аудандық аумақтық  сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2026 жылғы 1 наурызға Махамбет ауданы Махамбет ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
  2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2026 жылғы 1 наурызға тағайындалған Махамбет ауданы Махамбет ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Осы қаулы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

                                              

Төраға

Р. Тұрдағали

 

 

Хатшы

М. Қабдол

 

 

 

 

 

 

Махамбет ауылы

2026 жылғы 21 қаңтар

№2

Дата публикации
21 января 2026