Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 21 қаңтардағы №2 қаулысына қосымша
2026 жылғы 1 наурызға тағайындалған Махамбет ауданы Махамбет ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ
|
1. Махамбет ауданы бойынша Махамбет ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі – әкімді) сайлауын тағайындау |
|
|
|
|
Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Әкімді сайлауды тиісті аумақтық сайлау комиссиясы әкімнің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап бір ай ішінде тағайындайды 2026 жылғы 21 қаңтарға (113-1-б. 1-т. 2) тт., 3-т.) |
|
|
2. Сайлау округінің тізімін, олардың шекаралары, орналасқан жерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
||
|
|
Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен 2026 жылғы 31 қаңтардан кешіктірмей (22-б.) |
|
|
3. Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен 2026 жылғы 31 қаңтардан кешіктірмей (13-б. 4-т.) |
||
|
4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
||
|
|
Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен 2026 жылғы 5 ақпаннан кешіктірмей (17-б. 2-т.) |
|
|
5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
||
|
|
Махамбет ауданының әкімі Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік 2026 жылғы 5 ақпанға дейінгі мерзімде (23-б. 5-т.) |
|
|
6. Әкім болуға кандидаттар ұсыну |
||
|
|
Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар, сондай-ақ егер ұсыну мерзімі аяқталатын күнге екеуден аз кандидат ұсынылса, жоғары тұрған әкіммен Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен 2026 жылғы 22 қаңтардан басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда 2026 жылдың 3 ақпан күні жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады. (113-3-б. 5-т.) |
|
|
7. Әкім болуға кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау |
||
|
|
Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы (4-б.,113-5-б., 11-т.2)-тт.)
|
|
|
8. Әкім болуға кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
||
|
|
Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Әкім болуға кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап (14-б. 8-1)т т., 31-б.) |
|
|
9. Әкім болуға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған кандидаттарға қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру |
||
|
|
Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Кандидатты қолдап қол жинауды сенім білдірілген адамдар ұйымдастырады және кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін үш күннен кешіктірілмейтін мерзімде (113-4-б.) |
|
|
10. Әкім болуға кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу |
||
|
|
Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктер беру жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлерін тарта отырып, қол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде (113-4-б. 8-т.) |
|
|
11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі |
||
|
|
Әкім болуға кандидаттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 2-т.) |
|
|
12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну |
||
|
|
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 3-т.) |
|
|
13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру |
||
|
|
Мемлекеттік кіріс органдары Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде (113-5-б. 4-т.) |
|
|
14. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
||
|
|
Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын 2026 жылғы 8 ақпанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады (113-5-б. 14-т.) |
|
|
15. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
||
|
|
Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей (113-5-б. 9-т.) |
|
|
16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру |
||
|
|
Махамбет ауданының әкімдігі және Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Үгіт басталғанға дейін (28-б. 6-т.) |
|
|
17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу |
||
|
|
Әкім болуға кандидаттар, олардың сенім білдірген адамдары Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі 2026 жылғы 8 ақпанда жергілікті уақыт бойынша 18:00 де басталып, 28 ақпанда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады (27-б. 2-т.) |
|
|
18. Әкім болуға кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
||
|
|
Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Махамбет ауданының әкімдігімен бірлесіп Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.) |
|
|
19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну |
||
|
|
Махамбет ауданының әкімі 2026 жылғы 9 ақпанға дейін дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын (24-б. 5-т.) |
|
|
20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну |
||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары 2026 жылғы 14 ақпанда дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда (26-б. 1-т.) |
|
|
21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету |
||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен 2026 жылғы 19 ақпаннан кешіктірмей (18-б. 5) тт., 38-б. 2-т.) |
|
|
22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу |
||
|
|
Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын 2026 жылғы 26 ақпаннан ерте емес және 28 ақпаннан кеш емес (37-б. 3-т.) |
|
|
23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау |
||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда 2026 жылғы 1 наурыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де (40-б. 1-т.) |
|
|
24. Дауыс беруді өткізу |
||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары 2026 жылғы 1 наурыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін (38-б. 1-т.)
|
|
|
25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жасау |
||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары 2026 жылғы 1 наурыз жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады (18-б. 8) тт., 43-б.) |
|
|
26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпы жұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу |
||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.) |
|
|
27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясына жеткізу |
||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (113-8-б. 1-т.) |
|
|
28. Әкім сайлауының қорытындысын белгілеу |
||
|
|
Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен 2026 жылғы 4 наурыздан кешіктірмей (113-10-б.) |
|
|
29. Әкімді сайлау қорытындысы туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
||
|
|
Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 7 наурызға дейін сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей (44-б. 4-т 3) тт.) |
|
|
30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлік беру |
||
|
|
Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап 2026 жылғы 7 наурызға дейін жеті күн мерзімде Сайланған әкімдерден 2026 жылғы 7 наурызға дейін жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкімнің мәртебесімен сыйыспайтын өз міндеттерін доғару туралы жазбаша өтініш алынғаннан кейін (45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т) |
|
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.