Махамбет ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту
туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және
өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына,
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 65-бабына
сәйкес және аудан әкімінің 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №421 «Махамбет
ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары туралы» қаулысы
негізінде, Махамбет аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Махамбет, ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары
қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық мәслихат төрағасы К.Мажиев